"Тыңдармандарынан қорғануда": Қайрат Нұртас өзінің жеке қауіпсіздігін күшейтті

09 маусым 2022, 11:15

Сүйікті әншісін бетпе-бет көргісі келген павлодарлық фанаттары күзетшілерге бой бермей, сахнаға тап берген. Осы оқиғадан кейін Қайрат жанына оққағар ертіп шығатын болды. Ол оққағар сахнада ән салып тұрған Қайраттың тура жанында тұрады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Жақында Қайрат тойлардың бірінде ән салды. Сол кештен түсірілген видео Instagram-дағы kair_n.news парақшасында тарады. Онда әншінің жанында күзетші тұр. Ал Қайрат болса өзінің хит әндерінің бірі "Ауырмайды жүректі" орындап жатыр.

Өнер иесі ерсі қылық көрсететін тыңдармандарынан осылай қорғануды жөн көрген.

Paryz.kz.