Инста-Алаш

“Үндемеген сайын үдеп барады”: Әбдікәрімова балаларына өлім тілеген екі әйелді сотқа берді

  • “Үндемеген сайын үдеп барады”: Әбдікәрімова балаларына өлім тілеген екі әйелді сотқа берді

    “Үндемеген сайын үдеп барады”: Әбдікәрімова балаларына өлім тілеген екі әйелді сотқа берді

Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде өзіне және отбасына қатысты жағымсыз пікірлер жазғандарды сотқа берді. Ашуға булыққан өнер иесі істі заңгерлерге тапсырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі сынға аса мән бермейтін әртістер қатарында. Алайда, жанұясына қатысты жағымсыз пікірлер айтылып жатқанда қарап қалмайтынын көрсетті. Өнер иесі балаларына өлім тілеген екі келіншек пен өзіне Қайраттан артық ер адам таппайтынын жазған жігітті сотқа берген.

“Үндемеген сайын үдеп барады. Дәл осы жігітті және балаларыма өлім тілеген екі әйелдің үстінен заңгерлерім іс қозғауда. Әлеуметтік желіге де тәртіп керек.

Осындай өрімдей жастар үйіндегі әке-шешесінің абыройын ойлай ма екен? “Балам үйде, қылығы түзде” деген. Бұл негативтің иесі туралы ақпараттың барлығы әп-сәтте жиналды. Енді ары қарай іс қозғалмақ”, – деп жазды Әбдікәрімова. Желі қолданушылары жұлдызды анаға өз қолдауын білдірді. Олар Әбдікәрімованың әрекетінің дұрыс екенін айтып, оған жағымсыз пікір жазған жігіт жайлы ақпарат жіберген. Скриншот: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 1334    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.11.2021, 16:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31