«Үш-төрт жігітпен араласып, жақсысын таңдау керек» – Диана Қырықбай

23 маусым 2022, 17:06

Танымал тележүргізуші, блогер Диана Қырықбай қыздарға кеңес берді.

– Тәрбиелі, текті жерден шыққан қыз 3-4 жігітпен араласа алады. Тұрмыста болмасаңыз, сізге құда түспесе жігіттермен сөйлесе бересіз. Бір жігітке ғана қарап отырсаңыз, ол сізден кетіп қалады, – деді жүргізуші.

Сондай-ақ ол қазіргі заманның өзгергенін алға тартады.

Айта кетейік, блогер бұған дейін де ерлер қауымының шымбайына бататын өткір сөздерімен жұртшылыққа жақпай қалған. 
sn.kz