Инста-Алаш

"Ұят емес пе, ел көріп отыр": Анна Данченко эфирге қысқа көйлек киіп шығудан бас тартқан

  • "Ұят емес пе, ел көріп отыр": Анна Данченко эфирге қысқа көйлек киіп шығудан бас тартқан

Отандық танымал тележүргізуші Анна Данченко тікелей эфирге қысқа киіммен шықпай қойған. Ол өзі жүргізетін бағдарламаның стилисі ұсынған қысқа көйлекті киюден бас тартқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Анна Данченко басынан өткен ыңғайсыз жағдайы туралы Instagram парақшасында айтып берді. Тележүргізуші стилистің тікелей эфир үшін таңдап берген киіміне шүйліккен. Ол бағдарламаны қысқа көйлекпен жүргізбейтінін түсіндірген.

Белгілі журналист қысқа әрі ашық киіммен ел алдына шығуды ұят нәрсе санағандықтан, болмысына сай емес дүние жасағысы келмейді.

"Мен, негізі, стилистсіз киім таңдаушы едім. TV саласында жүргеніме 14 жыл болды. Не жарасып, не жараспайтынын білем. Камера заңдылықтарын да ескерем. Оған қоса, тәрбием басқа - қысқа әрі ашық-шашық киімдерді таңдамаймын да, кимеймін. Мұғалім болып қызмет атқарғасын да, студенттердің алдында барынша жинақы болып жүруге тырысам. Өзіме де ұнайды.

Бүгін "Бір болайық" жобасының стилисі маған эфирге қысқа көйлек кигізбек болып еді, ұят емес пе, ел көріп отыр деп едім, үндемей қалды. Түсінсе керек. Болмысыма сай емес дүние жасағым келмейді, жасамаймын да. Қанша жарасып тұрса да, өзімді ыңғайсыз сезінгім келмейді" , - деп жазды тележүргізуші.

Айта кетейік, бұған дейін Анна Данченко қазақша сөйлей алмайтын шенеуніктерге күйінген болатын. Ол ана тілін үйрену үшін қыруар қаржы керек емес екенін айтып, оларға өз кеңесін берді.

 

 




Көрілген: 1195    Пікірлер: 0

сенбі, 16.05.2020, 23:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31