Сұрақ-Жауап. Кеңес

1 қарашадан бастап миллиондаған адам WhatsApp-қа кіре алмауы мүмкін

  • https://www.rbc.ru/

    https://www.rbc.ru/

WhatsApp мессенджері iOS және Android бағдарламасының ескі нұсқасы қолданылып жүрген смартфондарда өз жұмысын тоқтатады. Компания ұялы телефондарға қатысты талаптардың жаңартылған нұсқасын жариялады деп хабарлайды РИА Новости.

 

2021 жылдың 1 қарашасынан бастап WhatsApp қосымшасы Android 4.0.4 нұсқасы қолданылатын смартфондарда және iOS 9 нұсқасы қолданылатын iPhone-да жұмысын тоқтатады. Әлемде аталмыш нұсқаларды әлемде әлі күнге дейін қолданатын адамдар баршылық. Жұмыс істеу үшін әлі де SIM карта және интернет қажет.

 

Осы орайда WhatsApp ескі смартфон иелеріне құрылғыны жаңартуды немесе жеке деректерді сақтау үшін чат тарихын сақтап отыруды ұсынады. Бұл WhatsApp жұмысын тоқтатқан кезде қолданушы үшін тиімді болмақ.

 

Бұған дейін WhatsApp iOS және Android-тан деректерді ауыстыру мүмкіндігін жариялаған еді. Бұл функция кейбір Samsung моделінің эксклюзиві болмақ. Деректерді ауыстыру үшін сізге USB-C — Lightning коннекторлары бар сым қажет.

 

Осыған дейін WhatsApp мессенджерінде өздігінен жойылатын фото және видео жіберу функциясы пайда болғанын жазған едік. Ол үшін суреттер мен видеоны «Бір рет көру» опциясының көмегімен жіберу керек.

 

Қолданушы өзіне келген хабарламаны тек бір-ақ рет көре алады, осыдан кейін ол автоматты түрде өшіріледі.

 

Осыған ұқсас функция Instagram желісінде де бар: қолданушы өзіне жолданған суретті немесе видеоны қарау үшін батырманы басуы қажет. Көріп болғаннан кейін ол ашылмайды.

 

Десе де, компания қолданушылар өздігінен жойылатын фото-видеоны скринрекордердің көмегімен жазып алуы мүмкін екенін айтқан еді. «Бір рет көру» опциясы жақын арада жаңаратын мессенджерде қолжетімді болады.

 

 

aikyn.kz




Көрілген: 798    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.09.2021, 23:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 11:48
    Терлей бересіз бе?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31