Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

10 жыл бойы оқ жаудырған...

27 қаңтар 2011, 17:56

Кезінде Кеңестер Одағы тұсында қан­­ша­ма қа­зақ­стан­дық сарбаздар Ау­ған со­ғы­сына қа­тыс­ты. Осы­ған бай­ла­ныс­ты аз-кем мәлімет бер­се­ңіз­дер.
Тұрсынгүл СӘБИТОВА,
Көкшетау
Тарихи дерек көздеріне сүйеніп айтар болсақ, 1979 жыл­­­дың 25 жел­тоқ­саны мен 1989 жылдың 15 ақ­­па­­ны ара­­лы­­ғында бо­­­лып өткен Ауған соғысына КСРО ау­ма­ғы­­­нан 620 мыңнан астам жауынгер мен офи­­­цер қатыс­қан. 10 жы­лға созылған осы со­­ғыста Ке­ңес Ода­ғынан 15 мың­­­нан ас­там  адам (кейбір мә­лі­мет­тер бойынша 13 310 адам) оқ­қа ұшып, 118 ұшақ, 800 танк және 11  369 әр­түр­лі әс­ке­ри тех­ни­ка­лар жо­йы­лып кет­ті. Жал­­­­­пы са­­ны 35 478 сар­баз жа­ра­­ланып, 311-і із-түз­­сіз кет­ті. Ал Ау­­ған соғысына қа­тысқан қазақ­стан­­дық­­тар­дың саны – 22 269. Та­рих­та «Мақ­сатсыз со­­ғыс» де­ген атпен қал­ған осынау қан­ды қыр­ғын­да  Қазақстан 924 боз­дағынан айы­­рылды. 1015 жас жа­уын­гер елге мүге­дек болып оралса, 21 сар­­баз із-түз­сіз жо­­ға­­лып кетті.
110 айға созылған соғыстан  аман-есен орал­ған 18 мың­­дай  қазақстандық ардагерлер  бүгінде ор­та­мыз­да жүр.
Қазіргі уақытта елімізде Қазақстан Рес­пу­бликасы Ау­­­­­­ған со­ғы­сы ар­да­гер­ле­рінің қа­уым­дастығы құрыл­ған. Ол Ау­­­ған со­ғы­сына қа­­тысқан адамдардың мүд­де­лерін қол­­дап, жас­тарға патриоттық тәрбиені сіңі­ру­­ге көп ең­­бек етіп, түр­лі мәдени шараларды жүзеге асы­­рып ке­ле­ді.