Сұрақ-Жауап. Кеңес

"10 млн теңге ұтысын ала алмай қалған": Букмекерлік кеңсеге қарсы сотта жеңген адвокат қазақстандықтарға бұл жағдайда не істеу керек екенін айтты

  • "10 млн теңге ұтысын ала алмай қалған": Букмекерлік кеңсеге қарсы сотта жеңген адвокат қазақстандықтарға бұл жағдайда не істеу керек екенін айтты

Соңғы уақытта түрлі азарттық ойындар мен ұтыстардан зардап шеккен қазақстандықтардың саны артып келеді. Букмекерлік, қаржы пирамидалары ұйымдарына ақшасын тігіп, құр алақан қалатындардың легі толастар емес. Мамандар бір ауыздан мұны азарттық тәуелділік екенін айтады. Жақында букмекердік кеңсеге қарсы сотты жеңген адвокат Жанна Уразбахова азаматтарды ұтыс ойындарынан аулақ жүруге шақырады. Маман арнайы Stan.kz редакциясы үшін сұхбат беріп, букмекерлердің арбауына түскен қазақстандықтарға не істеу керектігін айтып, кеңестерін бөлісті.

Адоват Жанна Уразбахова қазақстандықтар тарапынан полиция қызметкерлерінің заңға қайшы іс-әрекеттеріне байланысты шағымдар жиі түсетінін айтады. Оның айтуынша, Қазақстанда істердің ақтау шешімімен аяқталуы өте сирек кездесетін жағдай. Барлық істердің 1 пайызы ғана кінәліні ақтаумен бітсе, қалғандары айыпталады, дейді маман.

 
Сондай-ақ, адвокат қазіргі уақытта сот процесіне алқабилердің қатысуының да көрсеткіші өте төмен екенін айтады. Тек аса ауыр қылмыстар ғана сотталушының арызымен қарастырылады. 

"Соңғы уақытта азаматтарға қатысты алаяқтық фактісі бойынша шағымдар көбеюде, оның ішінде қаржы пирамидалары көп. 

Букмекерлік кеңсеге қатысты ісім маусымда басталды. Маған көмек алуға жүгінген клиент ұтыс қойған. 10 млн теңге көлемінде ұтқан. Ұтып алғаннан кейін букмекерлік кеңсе ұтыс төлеуден бас тартып қана қоймай, клиенттің ұтысқа қойған қаражатын да қайтармаған. Осыдан кейін біз букмекерлік кеңсеге сотқа дейінгі шағым жібердік. Олар шағымға тиісті жауап бермей, назарларына ілген жоқ. Бұдан кейін біз сотқа жүгіндік. Қазан айында сот өтіп, букмекерлік кеңседен клиентім ұтқан қаражатты өндіріп алуға шешім шықты. Осылаша сотта жеңіске жеттік", - дейді маман. 

Айтуынша, осы уақытқа дейін де бірнеше рет әртүрлі букмекерлік ұйымдармен, оның ішінде ірілерімен де соттасқан.

"Көбінесе, сот букмекерлік кеңселердің ішкі тәртіп пен заңдары негізгі заңнан жоғары деп ескеріп, солардың жағына шығып кетеді", - дейді ол. 

Адвокат ұтыс қоймауға, сенімсіз букмекерлік кеңселерге мүлдем жоламауға кеңес береді.

"Біріншіден ұтыс сияқты азарттық ойындардан аулақ жүруге шақырамын, мұндай "табысты" қолдамаймын. Екіншіден, егер букмекер сізге ақшаны қайтарып беруден бас тартқан жағдай болса, жазбаша түрде сотқа дейінгі шағым жіберуіңіз тиіс. Бұл жағдайда тиісті әрекеттер қабылданбаса, төлем жасаудан бас тартқаны бойынша сотқа жүгінуге тура келеді", - дейді Жанна Уразбахова. 

Микрокредит, қаржылық ұйымдарға қатысты келісімшартқа отырмас бұрын ережелерді, шарттарды егжей-тегжейлі оқып шығу керек, дейді маман.

"Қазақстандықтардың көбінің проблемасы - ешқандай шарттарды қарастырмай жатып, келісімге келеді де, кейін төлегілері келмеуінде. Бастапқыда микрокредиттік ұйымдардың мөлшерлемесі жоғары болатынын түсіну керек, оны төлей алмай қалуыңыз әбден мүмкін екенін ұғынған жөн. Сондықтан басқа нұсқаларды қарастырып көру керек", - дейді ол.




Көрілген: 2181    Пікірлер: 0

жұма, 04.12.2020, 16:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қаңтар, 14:28
    Құлақ неге шулайды?
    11 Қаңтар, 22:41
    ЭЦҚ мерзімін ұзарту
    5 Қаңтар, 16:51
    IBAN дегеніміз не?
    27 Желтоқсан 2020
    ҚАЛАМПЫРДЫҢ ҚАСИЕТІ
    12 Желтоқсан 2020
    НАҒЫЗ ЕРКЕК ДЕГЕН КІМ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31