10 соттық жерден үміт бар ма – Сауалнама

19 сәуір 2022, 17:18

Осы тақырыпта арна тілшілері тұрғындар арасында сауалнама жүргізді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

– Маған енді болып жатса көреміз беріп жатса береміз десе дұрыс қой халыққа Неге сенбеймін? Жаңа Қазақстан ғой. Тоқаевқа сену керек.

 

– Еговта жаңа екі миллион адам өтініш тастады деп жатыр. Енді бұрыннан бері жасалынып жатқан не ғой. 10 сотықтың жер мәселесі. Мүмкін, иә, беріп қалуы мүмкін. Бізде тапсырып көрдік. Енді Үкіметтен күтеміз, беріледі деп ойлаймын.

 

– Жерге заявка берген жоқпын. Бірақ телеарналардан барлығынан хабарды естідім. Сенемін беріледі дегенге. Мемлекет бізді алдамайды.

 

 –  Мен сондай заңның қабылдағанына қосыламын. 10 соттық жерде көп дүние емес қой бірақ енді берілсе, қанеки – Мен қарадым негізі бірақ заявка тастаған жоқпын. Білмеймін, баяғыда бір өтініш тастадық, бірақ ол жоқ болып кетті.