Сұрақ-Жауап. Кеңес

2 жасқа дейінгі балаларға маска тағу қауіпті: Министр Цойды сәбилерге маска тағуды бұйырғаны үшін сынға алды

  • 2 жасқа дейінгі балаларға маска тағу қауіпті: Министр Цойды сәбилерге маска тағуды бұйырғаны үшін сынға алды

    2 жасқа дейінгі балаларға маска тағу қауіпті: Министр Цойды сәбилерге маска тағуды бұйырғаны үшін сынға алды

Қазақстандық дәрігер Дмитрий Киреев балаларға масканы міндетті түрде киюі туралы бұйрыққа өз пікірін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Дмитрий Киреев өз пікірімен инстаграмдағы парақшасында бөлісті.

"Американдық балалар ассоциациясы және ауруларды бақылау және алдын алу орталығында 2 жасқа дейінгі балаларға, сондай-ақ тыныс алу проблемалары бар адамдарға және масканы өздігінен шешіп тастай алмайтындарға тағуға болмайды делінген. АҚШ-та егер ата-аналар 2 жасқа толмаған балаларына масқа кигізсе, оларға айыппұл салынады. Неліктен? Себебі бала тұншығып қалуы мүмкін. Ал бізде жағдай керісінше. Журналистің балаға масканы қайдан аламыз деген сұрағына, кез-келген дәріханадан алуға болады деген жауап болды. Мен қаланың бірнеше дәріханасында болып, нәрестелерге арналған маска сұрадым, алайда дәріханаларда тек ересектерге ғана арналған маскалар бар. Алексей Цой бұдан үлкен дау тудырмай масканы марлядан жасауға кеңес берді. Бұл өте қызық. Қазір адамдар үрейге бой алдырып, нәрестелеріне маска тағып қояды, ның үстіне кім 83 мың теңге айыппұл төлегісі келеді, кейбір адамдар үшін бұл ақша бір айлық жалақы. Бұл бұйрықтың соңы қайғылы жағдайларға әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан денсаулық сақтау министріне өз шешімін қайта қарастыруды сұраймын", - деді Дмитрий.

СОнымен қатар Дмитрий маска тағудың орнына қандай шара қолдануға болатынынайтып кетті.

"Мұндай адамдарды мүмкіндігінше қашықтықта ұстау ұсынылады. Менің ойымша, әр ана балаға зиян тигізбеу үшін өзін оқшаулап, қашықта болады (зиян тигізбеу, демек, тұншығуға жол бермеу). Осылайша, егер оның баласы вирустың асимптоматикалық тасымалдаушы болса, айналасындағыларды қорғау керек", - деп жазды дәрігер.

Бұған байланысты балалар дәрігері және қоғам қайраткері Қайырғали Көнеев те өз пікірін білдірді.

"Денсаулық сақтау министрінің ойланбай қабылдаған тағы бір шешімі - сәбилерге де маска кию керек, әйтпесе айыппұл салу қаупі бар .

Жаңа туған нәрестелердің кенеттен қайтыс болуының бір себебі - жөргек тінінің бөліктерінің аспирациясы (ғалымдар кенеттен қайтыс болу жаңа туған нәрестелердің тыныс алу жолдарында жөргек тінінің бөліктерінің табылуымен байланыстырады).

Ал Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сәбилерге масканы марлядан жасауды ұсынады!

Мен министрден тез арада оның бұйрығына түзетулер енгізіп, оның сөздерінен бас тартуын сұраймын!", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 30 шілдеден бастап қазақстандықтарға көшеде бетперде киюге бұйрық берілген. Бұл туралы елдің бас санитарлық мемлекеттік дәрігері Айжан Есмағамбетованың бұйрығында айтылған.

Кейінірек денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл ереже тек ересектерге ғана емес, балаларға да қатысты екенін түсіндірді. Сонымен қатар ол жеке қорғаныс құралдарын барлық қоғамдық орындарда, соның ішінде кафелерде, спортпен шұғылданғанда кию керек екенін атап өтті. 




Көрілген: 301    Пікірлер: 0

жұма, 31.07.2020, 14:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31