Сұрақ-Жауап. Кеңес

2019-жыл жалқауларға жайсыз болады екен

  • 2019-жыл жалқауларға жайсыз болады екен

    2019-жыл жалқауларға жайсыз болады екен

Астрофизиктердің болжамына қарағанда, биылғы жыл ерекше жыл болғалы тұрған сияқты. Олар бұл жылға Жер, Күн және Марстың әсері мол болады, әсіресе Жер мен Марстың өзара әсерлесуі зор болады дейді. Мұның ең басты ерекшелігі – әлемде жанжал, соғыстар азаяды, саяси ахуал оңала бастайды екен. Бұл жеке адамдар өміріне де қатысты. Яғни адамдар арасындағы түсініспеушіліктер, келіспеушіліктер кемиді деген сөз. Отбасында, достар арасында сыйластық тереңдей түседі, ренжісіп-өкпелесіп жүргендер болса, татуласуға деген ұмтылыс артады екен. 


«Бұл жылы техника, технология салаларында тың жаңалықтар көбейеді, таңқаларлық астрофизикалық, ғылыми жаңалықтар өмірге келеді. Адамдардың зейіні, зердесі, аңғарғыштығы артады», – дейді астрофизиктер. 


Жалпы, астрофизика деген – жұлдыздар әлеміне және табиғаттағы физикалық құбылыстарға қарап, олардың өзара әсерлесуіне байланысты тұжырымдар жасайтын сала. Ал бұл бағытта жұмыс істейтіндердің айтарына шет елдерде кәдімгідей мән бере қарайтыны тектен-тек болмаса керек.


Астрофизиктер Доңыз жылының 12 жылдық тізбені аяқтайтын жыл екенін ескере отырып, бұл жылы кез келген адамда өткеніне есеп беру сезімі оянады дейді. Ал өткеніне есеп берген адамның көп нәрсеге көзі ашылары, кем-кетігін түзеуге ұмтылары сөзсіз. 


Астрофизиктердің тұжырымынша, бұл жыл ерекше оқиғаларға толы болады. Адамдардың ұмтылыстары күшейеді, осыған орай оңды нәтижеге жететіндер қатары көбейеді. 


Қысқасы, биылғы жыл әрекет еткен, мақсатына ұмтылған жандарға өте жайлы жыл болады дейді астрофизиктер. Олар сонымен қатар мынадай жайды да ескертеді: Биыл еріншектік, жалқаулық, немқұрайдылық та адам баласын жиірек төңіректейді, ал өзін қолға алмай, жалқаулыққа жол ашқан жандарға Доңыз жылынан аяушылық жоқ дейді. 


Ендеше, өзіңізге мығым болыңыз, сергектікті, белсенділікті серік етіңіз, ағайын! Сонда әрекетке берекет болмақ. Астрофизиктер биылғы Доңыз жылының әрекетшіл жандарға сыйлығы мол болатынын айтады. Ендеше, сондай тартуларды бәріңізге нәсіп етсін дейміз. Жаңа жыл барша шаңыраққа құт-берекесін ала келсін! 


«Замана»




Көрілген: 1031    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.01.2019, 12:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Сәуір, 21:36
    Тағылымы мол 5 оқиға
    20 Сәуір, 17:45
    Қыздан да артық...
    9 Сәуір, 11:49
    Жауапсыз махаббат
    29 Наурыз, 12:45
    WHATSAPP-ТЫҢ ҚҰПИЯЛАРЫ
    15 Наурыз, 10:27
    Ата-ананың 4 қателігі
    6 Наурыз, 13:41
    АРУЛАРҒА 13 КЕҢЕС
    27 Ақпан, 13:22
    САБЫРСЫЗДЫҚТЫҢ СОҢЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30