Сұрақ-Жауап. Кеңес

2019 жылы балаға қандай есімдер көп қойылған?

  • © CC0 / congerdesign

    © CC0 / congerdesign

Қазақстанда өткен жылғы ең танымал есімдер жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетіне сілтеме жасап.

2019 жылы ұлдар арасында ең танымал он есімнің тізімінде Әлихан көш бастап тұр. Былтыр 3816 сәбиге осы есім қойылған.

Екінші орында – Айсұлтан (3033), үшінші орында – Нұрислам (2304).

Сондай-ақ, ТОП-10-ға Әмір (2227), Әлинұр (2130), Рамазан (1999), Әли (1915), Ислам (1634), Алдияр (1601) және Санжар (1588) есімдері кіреді.

Ал қыздар арасында ең көп қойылған есім – Раяна (5151). Одан кейін – Медина (4924), үштікті Айзере есімі (4110) тұйықтап отыр.

Бұдан бөлек, қазақстандықтар арасында Айлин (3908), Айша (3823), Аяла (3607), Асылым (3285), Айару (3014), Әмина (2915), Кәусар (2309) есімдері де танымал болды.

Статистика комитетінің ақпаратына сүйенсек, қыздар арасында Айзере мен Раяна есімдері 2015 жылдан бері үздік үштіктен түспей келеді.

Ал ұлдар арасында Әлихан, Айсұлтан және Нұрислам есімдері – төрт жыл бойы алдыңғы орындарда.

Бұған дейін елімізде сирек қойылатын есімдердің тізімі жарияланған болатын. Мәселен, ұлдар арасында: Байқазақ, Саввелий, Бронислав, Растислав, Құдірет, Нұрәлем, Бейбарыс-Сұлтан, Мұхаммед-Раджаб, Ерлер, Ақихат, Елтұлға, Нұршашхан, Нұртұяқ.

Қыздар арасында: Севостьяна, Еңлік Сұлу, Ақпатша, Андриана, Тұмарсұлу, Рабиям, Нұршаһ, Аксиния, Евангелия, Бриллиант, Сахара, Ақ-ниет, Мыңжылқы, Ақмамық, Тәслима, Нұрдариға, Ангела, Хұснижамал.

 




Көрілген: 861    Пікірлер: 0

жексенбі, 05.01.2020, 20:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:49
    ҚАНДАЙ ӘЙЕЛ ЖАҚСЫ?
    4 Қаңтар, 12:54
    Адам неге кекіреді?
    25 Желтоқсан 2019
    Спираль қоюдың үкімі
    20 Желтоқсан 2019
    Ағзаны тазалау жолдары
    18 Желтоқсан 2019
    Фейсфитнес деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29