Сұрақ-Жауап. Кеңес

2019 жылы қазақстандықтар Google-дан нені көп іздеді?

  • 2019 жылы қазақстандықтар Google-дан нені көп іздеді?

    2019 жылы қазақстандықтар Google-дан нені көп іздеді?

 Alphabet холдингтік компаниясы Google-дың қазақстандық пайдаланушыларының 2019 жылы ең көп іздеген сұрауларының рейтингін шығарды. Көшті "Игра престолов" сериалының 8-маусымы" бастап тұр, деп жазады Qamshy.kz.

Қазақстандықтарды қызықтырған сұраулардың алғашқы ондығына қазақ-орыс аудармашысы, континентальдық хоккей лигасы, "Мститель" фильмінің финалдық бөлімі, "Ветреный", "Пирогова ИП" сериалдары енген. Жыл қорытындысы көрсеткендей қазақстандық Google пайдаланушыларын атақты адамдар мен саясаткерлер туралы ақпарат та қызықтырған. "Жыл адамы" атағына жыл басында кенеттен өмірден өткен ресейлік танымал тележүргізуші, әнші және актриса Юлия Началова ие болды. Ең көп ізделгендер тізімінде екінші болып президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұр. Сондай-ақ Google-дың қазақстандық қолданушыларының басым көпшілігі Владимир Зеленский, Жанар Хамитова, Децл, Әміржан Қосанов, Алла Вербер және Билли Айлиш туралы ақпарат іздеген.

2019 жылы көп сұралған фильмдер қатарына "Мстители. Финал", "Король Лев" және "Джокер" енген. Сериалдарға келсек, қазақстандықтар әдеттегідей түрік және Оңтүстік Корея хикаяларына басымдық беріпті. "Көп ізделген сериалдар" санатын бастап тұрған "Игра престолов" сериялының соңғы маусымынан кейінгі орындарда "Ветреный", "Жестокий Стамбул", "Любовь напоказ" хикаялары мен "Отель дель Луна" және "Изящная семья" драмалары жайғасқан. «...дегенiмiз не?» деген сұрақты қоя отырып, пайдаланушылар "подаграның" не екенін жиі білгісі келген. Сондай-ақ көшбасшылар үштігіне "VPN" және "Эпитет" бойынша сұраныстар еніпті. "Көп жасалған сауда-саттық" санатында темір жол билеті 2019 жылы тағы да жеңімпаз болды. Сондай-ақ қазақстандықтар авиабилеттер, киноға, FlyArystan әуекомпаниясына және «Манчестер Юнайтед – Астана» матчына билеттер сатып алуға қызығушылық танытқан.

Qamshy.kz.




Көрілген: 470    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.12.2019, 09:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қаңтар, 12:54
    Адам неге кекіреді?
    25 Желтоқсан 2019
    Спираль қоюдың үкімі
    20 Желтоқсан 2019
    Ағзаны тазалау жолдары
    18 Желтоқсан 2019
    Фейсфитнес деген не?
    9 Желтоқсан 2019
    Некені онлайн тіркеу
    3 Желтоқсан 2019
    Әйелдер неге жылайды?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31