Сұрақ-Жауап. Кеңес

2020 жылдың қараша айына арналған жұлдыз-жорамал

  • 2020 жылдың қараша айына арналған жұлдыз-жорамал

    2020 жылдың қараша айына арналған жұлдыз-жорамал

Қарашаның жаңбыры мен алғашқы қарымен бірге аспаннан әртүрлі көбіне күнделікті шаруаларымызға қатысты жұмыстар да түсіп жатқан сияқты әсер қалдырады. Оның бәріне ие болып, ішкі балансты қалай жоғалтып алмау керек &ndash келер айға арналған жұлдыз-жорамалда айтып береміз.

2020 жылдың қарашасы біздің барлық ісімізді позитивті арнаға қайта аударатын уақыт. Бұл кезеңнің басты оқиғасы &ndash Марстың ретроградты қозғалыстан шығуы. Бұған дейін Марс әлемге негативті энергияны алып келген еді &ndash біздің жоспарларымыз бұзылып, адамдар арасында агрессия туындады. Эмоционалдық түрде өзіңізге ие болу мен істерде абай болу  басты стратегия еді. Бірақ қарашаның екінші жартысында жұлдыздардың бұл әсері жойылады. Ешқандай күш салмастан шаруаларымыздың оңалып келе жатқанын байқаймыз. Ал егер тырыссақ, онда алдағы ай жетістіктерге толы болады. 

 
2020 жылдың тағы бір басты оқиғасы &ndash Нептунның тура қозғалысына қайтып келуі, бұл жеке өмірге әсер ете қоймас, бірақ ауа-райының түрлі аномалиясына алып келуі ықтимал. Бұған дейін жүрегіңіздің түбінде ұялаған иллюзиялардың тас-талқаны шығады. Біреудің көңілін қалдыраса да, жалпылай алғанда тек пайдасын алып келеді. Өйткені сізге жетіспей жүрген нақытылықты алып келеді. 

2020 жылдың қарашасы негативті әсерден позитивті өзгерістерге алмасуды сыйлайды. Мұны жеке өмірде де, әлемдік деңгейде де байқай аласыздар. 

2020 жылдың 3 қарашасы &ndash Таразы белгісінде тіке Меркурийдің белгісі, ол қаржы, заң және кәсіби тұрғыда дамуды уәде етеді. Егер бір жерде тосалып қалсаңыз, онда көптен күткен алға жылжу болады. Бұған дейін жеке өмірде жолыңыз болмаса, серіктесіңізбен қарым-қатынасты жақсартуға мүмкіндік бар. 

2020 жылдың 11 қарашасы &ndash Сарышаян белгісіндегі Меркурийдің уақыты. Жұлдыз-жорамал ауа-райы өзгеретінін болжайды. Қалың қар түсіп, елдің солтүстік аймақтарында аяз тұрып, жауын-шашынды болады деп күтілуде. Автосүйер қауымға жолда абай болу керек. Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыз.  

2020 жылдың 14 қарашасы  &mdash Марс Тоқтылар белгісінде тоқталады. Бұл түрлі бастамалар үшін керемет уақыт. Кез-келген кедергілерді мүдірмей өту үшін мүмкіндіктер туындайды. 

2020 жылдың 15 қарашасы &mdash Сарышаян белгісіндегі Жаңа ай туындайды. Жаңа ай Селенамен қосылады. Бұл эмоционалдық қиындықтарды шешу үшін тамаша уақыт. Бірақ қоршаған ортаға қатысты бастамашыл болып қажет емес. Бұл күні сондай-ақ электрикалық күрделі бұйымдармен жұмыс істеп қажет емес. Бұл уақыт тұрмыстағы ұсақ шаруларды шешу, демалу және рухани тұрғыда даму үшін қолайлы. 

2020 жылдың 21 қарашасы &mdash Мергендер жұлдызындағы Күннің белгісі. Бұл жұлдыздың белгісінде туғандардың жолы болады. Күннің энергиясын көпшіліктің игілігіне пайдаланған дұрыс. Барлық жұлдыз белгілері үшін кез-келген салада өзара тиімді серіктестік қарым-қатынасты орнату үшін тиімді. 

Бұл кезең білім алу, кәсіби даму, уақыт елегінен өткен және жаңа серіктестік қарым-қатынасты нығайту үшін қолайлы. Бұл жеке өмірге де, іскерлік ортаға да қатысты. Сондай-ақ бұл маңызды шешімдер қабылдауға, басты жобаны нақтылауға және өзін-өзін дамытудағы бағытты таңдауға тамаша кезең. 

2020 жылдың 29 қарашасы &mdash Нептун Балықтар жұлдызына түседі. Ауа-райының күрт өзгеруіне алып келетін кезең. Жолда абай болып, мүмкіндігінше көліктік құралдардан өзіңізді алыс ұстаған дұрыс. 

2020 жылдың 30 қарашасы &mdash Егіздер белгісінде Ай толады. Бұл кезде жұлдыздар мен планеталардың әсері күшті болып, маңызды шаруаларда абай болған дұрыс. Немесе бастамаған дұрыс. Электроникадан да бойыңызды аулақ ұстаған дұрыс. Бұзылуы орын алуы мүмкін. Кез-келген қауіп-қатерлерден, әсіресе, денсаулыққа қатыстылардан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Бос уақытыңызды демалысқа, күнделікті мәселелерді шешуге және рухани практикаларға аударған дұрыс.

Тоқты 

Қателіктеріңіз бен сүрінген тұстарыңызда назарыңызды ұзақ ұстамауға тырысыңыз. Иә, олар орын алады. Бірақ оған тоқталып, уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Сәтсіздіктердің себебін қалыптасқан жағдайлардан көруге ұялмаңыз, өйткені арасында қалыптасқан жағдайды өзгерту біздің қолымыздан келмейтін уақыт болады. Қаншалықты сабырлы болсаңыз, соншалықты қалыптасқан жаңдайға әсер ете аласыз. Бұл ай сіз күткеннен де көбірек позитив беруі мүмкін, соны естен шығармаңыз. 

Торпақтар

2020 жылдың қарашасында сәттілік өзіңізге серік болады. Бірақ ірі шаруаларыңызды орындау үшін ол жеткілікті емес. Өзіңіз сене алатын серіктестің қасыңызда болғаны маңызды. Қоршауыңызда сенімге лайықты адамды тапсаңыз, онда бұл ай өте сәтті болады. Таба алмасаңыз, онда үлкен тәуекелге бармаңыз. Қалауыңызды сәл тыйып, іс-әрекеттеріңізде салқынқандылықты қосыңыз. Жұлдыздар сабырлылығыңызға лайықты бағасын береді.

Егіздер

Бұл айда жұлдыздар өміріңізге сын көзбен қарауға кеңес береді. Барлығы да көңіліңізден шыға ма? Өзгеріс енгізіп, түрлендіруге лайықты қандай өмір саласы бар? Әсіресе, сізді қоршаған адамдармен қарым-қатынасты қайта қарастырған пайдалы. Қандай да бір конфликтер, дау-дамай, реніштер болса, қазір оларды шешуге қолайлы уақыт келе жатыр. Қарым-қатынасыңызда салқындылық сезілетін адамдардың әрқайсысына қарай қадам жасаңыз. Бұл болашақ үшін өте маңызды.

Шаян

2020 жылдың қарашасында Шаяндарға адамдармен қарым-қатынаста абай болу керек. Өз-өзіңізге ие болмауыңыз маңызды одақтастардан айыруы мүмкін. Олардан бас тартпаңыз: кейде бас июге, өз қателігіңізді мойындау үшін батылырақ болу қажет. Адамдар бірінші қадам жасай білу қасиетіңізді бағалайды. Бірақ бұл қасиетті қажет жағдайда ғана көрсетіңіз. Өйткені жүректен шықпаған нәрсе жүрекке жетпейді.

Арыстан

Үйіңізде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қолайлы уақыт. Үй - кез-келген адамның күш-қайрат беретін орны, өмірінің іргетасы. Қазір қажеттілік болса косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізген дұрыс. Ал оған қажеттілік болмаса - тазалық күнін ұйымдастырыңыз. Қолыңыздан не келеді, соны жасаңыз. 

Бикеш  

Консерватизм мен қатып қалған тәртіпті ұмытыңыз, өмір өзгерістерді қажет етеді. Бұл айда көңіл-күйіңіз, сәттілік басыңыздан өткеретен жаңа эмоцияларға байланысты болады. Бірақ бұл өткен өмірмен үзу керек дегенді білдірмейді. Өмірңізге жаңа лепті кәдімгі саяхат пен жаңа таныстықтар сыйлайды. "Жеті рет өлшеп, бір рет кес", ақыл мен қайратты қосуды ұмытпаңыз.

Таразы

Сізге бұл айда қызық ұсыныстар түсуі мүмкін. Ақша табу үшін ыңғайлы нұсқа болмауы ықтимал, алайда бұл өмірде барлығы ақшамен өлшенбейді ғой. Басқалардың ұсынысынан бас тартпасаңыз, өзіңіз үшін жаңа нәрселерді ашасыз. Жұлдыздар бекер жаңа арнаға бұрып жатқан жоқ. Әлем сізді әлі таңғалдырады. Ең бастысы, таңғалудан жалықпайтын ішіңіздегі бүлдіршінді жоғалтпаңыз. 

Сарышаян

Бұл ай сізді басқалар үшін тартымды етеді. Сондықтан мұндай басымдылыққа ие бола отырып, үйде отырмаңыз. Өзіңізге пайдалы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнату үшін бұл қасиетіңізді пайдаланыңыз. Қажет таныстықтардан бас тартпаңыз. Болашақта мұның барлығы тек орасан зор пайдасын тиігезеді.

Мерген

Өміріңіздегі көп нәрсені жіті бақылауыңыздан, ой елегінен өткізіңіз. Жұлдыздар сізді қоршаған адамдарға назар аударуға кеңес береді. Жолдастарыңыздың арасында өзіңізге адал емес адам болуы мүмкін. Ал керісінше сіз қашқақтайтын адамдардың арасында ешбір жамандық тілемейтіндер болуы ықтимал. Басымдыққа ие шаруаларды айқындаңыз. Көкейтестілігін жоғалтқан, қазір ұмытылуға лайықты мақсаттар бар шығар, бәлкім? Орнына күш-қуатыңызды етене салып, айналысуға тұрарлық мақсаттар табылады.

Тауешкі

Бұл ай сізден ұстамдылықты қажет етеді. Дау-дамайларға араласпауға тырысыңыз. Бәлкім жеңімпаз болып шығарсыз, бірақ ұрыс-керістің қажеттілігі бар ма? Өзгелердің сізге жолданған жағымсыз эмоцияларына назар аудармасаңыз - жеңгеніңіз осы. Сабырлы және ұстамды болыңыз. Бұл қасиеттер сіз туған жұлдыздар белгісіне тән. Бос уақытыңызды шығармашылық пен жасампаздыққа арнаған жөн. 

Суқұйғыш

Жаңа бастамалар үшін керемет уақыт. Кез-келген бастамалар өте сәтті болуға уәде береді. Ең бастысы, танымайтын адамдарға сенім артпаңыз. Уақыт елегінен өткен, тексерілген адамдармен ғана сөз байласыңыз. Болмаса, жалғыз өзіңіз әрекеттеніңіз. Сенуге тұрмайтын адамдармен ортақ шаруа жасаймын деп артық қауіп-қатерге бармаңыз. 

Балықтар

Отбасылық шаруалар басқа "алаңдардағы" іс-әрекеттерден назарыңызды аударады. Жақындарыңызға уақыт та, энергия да бөлуге тура келеді, ең құрмағанда айдың аяғында жеке өмірге көңіл бөліңіз. 2020 жылдың қарашасының соңғы аптасында сізге деген сұраныс артады. Жұлдыздар алда ірі шаралар күтіп тұрғанын болжайды. Дәл сонда сіз көпшіліктің назарында боласыз. 




Көрілген: 1116    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.10.2020, 16:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қазан, 15:54
    Адам тән емес

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31