Сұрақ-Жауап. Кеңес

2020 жылы Алматы тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмек жайлы

  • 2020 жылы Алматы тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмек жайлы

    2020 жылы Алматы тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмек жайлы

2020 жылы медициналық оңалту және пациент денсаулығын қалпына келтіру қызметін көрсететін клиникалар саны 62-ге жетті. Оның 25-і – жеке меншік. Өткен жылы аталған қызмет түрін көрсететін жеткізушілер саны төртеу ғана болатын. Мұны міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің басты артықшылықтарының бірі деуге болады. Бұл туралы бүгін арнайы брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы директоры Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді.

Айтуынша, Медициналық сақтандыру қоры 2020 жылы кепілдендірілген тегін көмек және әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттері шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу процедурасын аяқтады.

«2020 жылдың бюджеті Қорға 2017 жылдың шілдесінен бері жинақталған қаржыға қарай, сондай-ақ, болашақта түсетін жарналар мен аударымдарға қатысты болжамдар негізінде жасалды. Нәтижесінде, Алматы қаласы бойынша 170,0 млрд теңгенің қызметін сатып алу жоспары бекітілді. Оның 104,0 млрд теңгесі – тегін медициналық көмек пакетіне, 65,9 млрд теңгесі – медициналық сақтандыру пакетіне тиесілі. Қаражат 2019 жылмен салыстырғанда 42% артып отыр», - деді Н. Қабдықапаров.

Сонымен қатар, Алматы халқына медициналық қызмет көрсететін денсаулық сақтау  нысандарының базасында 271 емдеу ұйымы тіркелген. Оның ішінде, сақтандыру пакеті шеңберінде 147 медицина ұйымымен 218 келісімшарт бекітілген. Сақтандыру пакетіне тиесілі келісімшарттың жалпы сомасы 64,8 млрд теңгені құрап отыр.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, 2020 жылдың 31-наурызына дейін қазақстандықтардың бәрі шартты түрде сақтандырылған болып саналады.

«Қазір еліміздің барлық азаматтары МӘМС пакетіндегі қызметтерді сақтандырылған-сақтандырылмағанына қарамастан пайдалана алады. Бұл тұрғындардың жаңа жүйенің барлық артықшылықтарын сезініп, көріп-білуі үшін жасалып отыр. Ал, сәуірдің бірінен бастап медициналық қызметті толық пайдаланғысы келетін пациент міндетті түрде сақтандырылған болуы шарт. Тұрғындар статусын телеграм-боттың, e-gov порталының, сондай-ақ, Қор мен Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайттарының көмегімен анықтай алады», - деді Т. Әбілдаев.

Айтуынша, бүгінгі таңда оңтүстік астанадағы барлық медицина ұйымдары халыққа сапалы қызмет көрсетуге қажетті инфрақұрылымдармен толық жабдықталған. 




Көрілген: 362    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.01.2020, 13:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:49
    ҚАНДАЙ ӘЙЕЛ ЖАҚСЫ?
    4 Қаңтар, 12:54
    Адам неге кекіреді?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29