Сұрақ-Жауап. Кеңес

40 жастан асқан ер адамдарға жеуге болмайтын тағамдар

  • https://bohenon.com/

    https://bohenon.com/

40 жастан кейін ер адамдар жеуге болмайтын тағамдардың тізімі жарияланды.

 

Eat This, Not That басылымы 40 жастан асқан ер адамдарға жеуге болмайтын тағамдардың тізімін дайындады.

 

Маргарин

 

 

Бұл өнімде қаныққан майлар бар, соның салдарынан қан тамырларының қабырғаларында холестериннің түйіршіктері пайда болады. Сонымен қатар сіз маргариннің құрамында  пропиленгликоль бар. Бұл холестеринді жоғарылатады және тез арада салмақ қосып аласыз. Маргаринді кәдімгі маймен алмастырған дұрыс немесе өсімдік майына, қосымша зәйтүн немесе кокос майына алмастырған дұрыс.

 

Жасанды тәттілендіргіштер

 

 

Қантты ақ у деп атайды. Денсаулыққа пайдасынан қарағанда зияны көп. Бірақ тәттісіз өмір сүре алмайтындар не істеу керек? Бұл үшін жасанды тәттілендіргіштер бар, алайда ғалымдардың пікірінше, олар қантқа қарағанда әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін. Аспартам, сукралоза немесе ствеиозид сияқты жалпы алмастырғыштар салмақ, қант диабеті және басқа ауруларды тудырады. Оларды үйеңкі шәрбәтімен, балмен немесе алма шәрбәтімен алмастырған дұрыс.

 

Газдалған сусын

 

 

Бұл қантты сусындардың құрамында улы заттар бар. 2014 жылғы зерттеуге сәйкес, олардың құрамындағы 4-метилимидазол (4-MEI) бар екені анықталды. Бұл қатерлі ісік ауруының қаупін арттыруы мүмкін.

 

Тағамдық бояғыштар

 

 

Олар кондитерлік өнімдерге, кәмпиттерге және басқа да өңделген тағамдарға қосылады. Жасанды тамақ бояғыштарын өндірушілерге қолдануға рұқсат етілгеніне қарамастан, олардың құрамында қауіпті канцерогендер болуы мүмкін.  Оларды табиғи тағамдық бояғыштармен алмастырған дұрыс, мысалы үшін қызылша шырыны немесе көккөніс шырыны.

 

Алкоголь

 

 

Дәрігерлер 30 жастан кейін алкогольді азайтуға кеңес береді.

 

Жеміс шырындары

 

 

Бұл пайдалы болып көрінетін сусындар іс жүзінде фруктозаға толы – табиғи қант.  Шырындарды күн сайын көп мөлшерде ішсеңіз, артық салмақ жинап аласыз. Ал артық салмақ   жүрек-тамыр жүйесі ауруларын, қант диабетін және метаболизмнің бұзылуымен байланысты басқа ауруларды тудыруы мүмкін.

 

Тәтті тоқаштар

 

Әрине, кейде сіз өзіңізге кішкене десерт жеуге рұқсат бере аласыз. Бірақ 40 жастан асқан ер адамдарға тәттілерді жеуге шектеу қою керек. Бұл тағы артық салмаққа әкеледі және терінің сапасына әсер етіп, әжімдер пайда болады.

 

Ет

 

 

Өңделген ет құрамында нитраттар мен консерванттар көп. Олар ас қорытуды бұзады, ішіңізге жел қабысуы мүмкін. Сондай-ақ, отқа қақталған еттің мөлшерін азайтқан дұрыс. Пісіру кезінде жоғары температураның әсерінен ашық отта өнімде гетероциклді аминдер және полициклді хош иісті көмірсутектер пайда болады.

 

 

 

baq.kz

 




Көрілген: 2858    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 31.05.2021, 22:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 11:48
    Терлей бересіз бе?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31