Сұрақ-Жауап. Кеңес

42 500 теңге алу үшін берілген өтінімнің статусын қалай тексеруге болады

  • 42 500 теңге алу үшін берілген өтінімнің статусын қалай тексеруге болады

    42 500 теңге алу үшін берілген өтінімнің статусын қалай тексеруге болады

 42 500 теңгені алу үшін өтінім жіберген қазақстандықтар енді оның статусын онлайн түрде тексере алады. Қазақстанда бұл бағытта қызмет көрсететін арнайы сервис іске қосылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Президенттің цифрландыру және инновациялық технологиялар бойынша кеңесшісі Бағдат Мусин 42500.enbek.kz сайтында жаңа қызметтің іске қосылғанын хабарлады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында мәлімдеген. Оның айтуынша, соңғы кезде жіберген өтінімдердің тағдырын білгісі келіп хабарласқан қазақстандықтар өте көп болған. Мусин бұл мәселе халық үшін аса маңызды болып тұрғанын айтты. Енді Қазақстан азаматтары өздері жіберген өтінімнің статусын онлайн түрде біле алады. Президент кеңесшісінің хабарлауынша, аталмыш сервисті іске қосу үшін еңбек министрлігі мен президент аппаратындағы IT-штаб қызметкерлері жұмыс істеген. Өтінімнің статусые тексеру үшін төрт әрекетті орындау керек. 42500.enbek.kz сайтына кіру "Өтінім статусын тексеру" батырмасын басу ЖСН мен жеке куәлік нөмірін енгізу "Мен робот емеспін" деп түртіп, "Тексеру" батырмасын басу керек. Тексеріс іске қосылған соң, өтінім статусы дереу түрде экранға шығу керек. Оған қоса, Мусин бір құрылғыдан бір сағат ішінде үш тексеріс жасауға болатынын алға тартты.

KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 1021    Пікірлер: 0

жексенбі, 12.04.2020, 13:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Сәуір, 12:16
    АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚТАР!
    16 Сәуір, 23:47
    1414 не үшін керек?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31