Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

50 жылда 500-ден астам адам ғарышқа ұшты

15 сәуір 2011, 17:19

Адамзат баласы ғарышты игерген жарты ғасыр ішінде қанша адам ғарышқа самғады?
Қайрат МЕКЕБАЕВ,
Алматы облысы
2011 жылғы 5 сәуірдегі есеп бойынша соңғы 50 жылда 40 елден 519 космонавт пен астронавт ғарышқа самғады, оның 55-сі – әйелдер. Мәселен, АҚШ – 332 космонавт, КСРО және Ресей – 110 космонавт, Германия (ГДР-мен бірге) – 10, Франция – 9 космонавт, Канада – 9 космонавт, Жапония – 8 космонавт, КХР – 6 космонавт, Италия – 5 космонавт, Болгария – 2 космонавт, Бельгия – 2 космонавт, Нидерланды 2 космонавт ұшырған екен. Бұдан өзге 24 мемлекет, атап айтқанда, Чехословакия, Чехия, Польша, Венгрия, Вьетнам, Куба, Моңғолия, Румыния, Үндістан, Сауд Арабиясы, Мексика, Сирия, Ауғанстан, Ұлыбритания, Австрия, Швейцария, Украина, Испания, Словакия, ЮАР, Израиль, Бразилия, Швеция, Малайзия, Корея Республикасы бір-бір космонавттан ұшырған.
Ғарышқа жеті мәрте самғаған АҚШ ғарышкерлері Джерри Росс пен Франклин Чанг-Диастың рекордтарының қаймағы әлі бұзылған жоқ. Ал алты мәрте ғарышқа ұшқан КСРО және Ресей ғарышкері Сергей Крикалевтің орбитадағы 803 күндік рекордын ешкім жаңарта қоймайтын шығар.