Сұрақ-Жауап. Кеңес

5G-ге ауысқанда интернет тарифтері қымбаттай ма?

  • 5G-ге ауысқанда интернет тарифтері қымбаттай ма?

    5G-ге ауысқанда интернет тарифтері қымбаттай ма?

Бүгін ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев аулыдық елді мекендердегі ұляы байланыс сапасын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызмтеіне сілтеме жасап.


Оның айтуынша, байланыс сапасының төмен болуы әрдайым мобильді желі байланысы операторларының жұмысына байланысты бола бермейді, қажетті инфрақұрылымның болмауы да ұялы байланыс жұмысына кедергі болуы мүмкін. "Щучинск-Бурабай аймағында Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен біз тиісті базлақы станцияларды орнатуға мүмкіндік берген жұмыстарды жүргіздік. Соның нәтижесінде бұл аймақта ұялы байланыс сапасы біршама жақсарды. қазір біз осындай жұмысты Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен жүргізіп жатырмыз - қала бойынша 50 мачталық құрылғы орнатылып, көптеген проблемалар шешімін табады. Одан соң біз Павлодар және Алматымен жұмыс істеуді көздеп отырмыз", - деді Асқар Жұмағалиев. Министр атап өткендей, 5G енгізу мұндай мәселелердің қалаларда да, ауылдық елді мекендерде де шешілуіне ықпалын тигізетін болады. Бұл технология ел экономикасын цифрландыру үшін аса маңызды. "5G енгізу көптеген мәселелерді шешімін табуға көмектеседі, оның ішінде "ақылды қалалар" кіріктірілген технологиясын енгізу, көлік жүйесін цифрландыру, сондай-ақ қауіпсіздікпен байланысты барлық мәселелер бар", - деді Жұмағалиев. Асқар Жұмағалиев 5G желісіне ауысқан жағдайда Интернет тарифтерінің құны көтерілмейтінін айтты. Сонымен қатар мемлекет тарапынан бюджет қаражаты бөлінбейді. "Біріншіден, 5G енгізу үшін мемлекет тарапынан ешқандай қаражат бөлінбейді. Өтйкені бұл жеке оператордың жұмысы. Екіншіден, 5G технологиясы қымбат тұратындықтан, біз алдымен оны қалаларда енгізетін боламыз. Бүгінгі таңда бүкіл әлемде 5G тек қалаларда енгізіледі. Болашақта егер мүмкіндік болса, жеткізуші компаниялармен бірлесіп біз 5G-ді ауылдық жерлерде де енгізуді қарастырамыз. 3G-ден 4G технологиясына ауысқандағы тарифтер туралы айтатын болсақ, біз ешқандай тарифті ауыстырған жоқпыз. Болашақта да жұмыс осылай жүргізіледі. 5G-ге ауысқан кезде біз тарифтер құнын көтермейміз", - деді Жұмағалиев. Бүгінгі таңда "Қазақтелеком" АҚ Қазақстанда 5G-ді 6 тестілеуден өткізді, оның ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Алматы облысында. 5G желілерінде деректерді беру жылдамдығы бойынша алынған нәтижелер 4G көрсеткіштерінен 10-100 есе артық. Айта кетейік, қазіргі таңда барлық қалаларда кеңжолақты Интернет қол жетімді. 3324 ауылдық елді мекен Интернет желісімен қамтылған. 2020 жылдың соңына дейін кеңжолақты Интернет желісімен тағы 880 ауылдық елді мекен қамтылатын болады. Тұрғындар саны аз (50 және одан асатын) ауылдар үшін жерсеріктік байланыс технологиясын пайдаланумен Интернетпен қамтамасыз етудің техникалық мүмкіндігі қарастырылатын болады.  




Көрілген: 990    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.10.2019, 19:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Желтоқсан, 13:30
    Некені онлайн тіркеу
    3 Желтоқсан, 18:26
    Әйелдер неге жылайды?
    28 Қараша, 10:08
    Шай ішу кімдерге зиян
    15 Қараша, 12:31
    Қант диабеті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31