Сұрақ-Жауап. Кеңес

VIP-НӨМІРЛЕРДІҢ БАҒАСЫН БІЛЕСІЗ БЕ?

  • VIP-НӨМІРЛЕРДІҢ БАҒАСЫН БІЛЕСІЗ БЕ?

    VIP-НӨМІРЛЕРДІҢ БАҒАСЫН БІЛЕСІЗ БЕ?

Көліктердің VIP санатындағы мемлекеттік тіркеу нөмірлері 2014 жылдан бері сатылымда бар. Қазақстандықтар қалауынша сандар тізбегін таңдап, бірдей әріптерге тапсырыс бере алады.

2019 жылы ел азаматтары автоХҚО арқылы 3,018 млрд теңгеге 12 658 ерекше тіркеу нөмірін сатып алған. Бұл қаржылай көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда жарты миллиард теңгеге кем. Онда қазақстандықтар 14 909 VIP нөмірі үшін 3,560 млрд теңге жұмсаған. Айта кетейік, ол уақытта мамандандырылған ХҚО-мен қатар ерекше нөмірлерді полицияның тіркеу-емтихан алу бөлімдері де рәсімдейтін.

Бүгінде ерекше сандар мен әріптердің тізбегін көп сатып алатындардың рейтингін Алматы, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларының тұрғындары бастап тұр. Қазіргі таңда Түркістан облысында да қызығушыларға 13 белгісімен VIP-нөмір түрлерлері көптеп ұсынылған .

Көлік иелері жаңадан сатып алған темір тұлпарына ерекше нөмірлерді мамандандырылған ХҚО немесе egov.kz арқылы онлайн тіркеу барысында таңдай алады. Сондай-ақ егер азаматтың бұрыннан VIP-нөмірі болса, жаңадан алған көлігіне алты ай ішінде сол нөмірді қайта рәсімдеуге құқығы бар.

2020 жылы АЕК мөлшерінің өсуіне байланысты VIP-нөмірлердің бағасы өзгерді.

Атап айтсақ,

010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмерлері 151 107тг яғни 57 (АЕК) болса,
010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 белгілері мен XXX, YYY, MMM, AAA т.с.с. сияқты бірдей әріптік белгілер 302 214тг (114 АЕК).
Сонымен қатар,

100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 363 187тг (137 АЕК),
100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мен XXX, YYY, MMM, AAA т.с.с. сияқты бірдей әріптік белгілер 514 294 тг (194 АЕК).
001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмерлері 604 428 тг (228 АЕК),
001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мен XXX, YYY, MMM, AAA т.с.с. сияқты бірдей әріптік белгілер 755 535 тг (285 АЕК)
әріптік белгіленуі бірдей (цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 777, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін қоспағанда) 151 107 тг (57 АЕК). 




Көрілген: 383    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.02.2020, 11:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:49
    ҚАНДАЙ ӘЙЕЛ ЖАҚСЫ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30