Сұрақ-Жауап. Кеңес

WhatsApp-тан басқа жерде де өмір бар: қауіпсіз деген 9 мессенджер

  • WhatsApp-тан басқа жерде де өмір бар: қауіпсіз деген 9 мессенджер

    WhatsApp-тан басқа жерде де өмір бар: қауіпсіз деген 9 мессенджер

WhatsApp-тың қолданушыларға қойған жаңа талаптарына кей қолданушы наразы болып, басқа мессенджерлерге көшіп жатты. Жалпы WhatsApp пен Telegram-нан басқа хабарлама алмасатын ресурс бар ма? Олардың қауіпсіздігі қандай? Baribar.kz шолу жасап көрді.

VIPole Secure Messenger &ndash пароль менеджері, IP маскировкасы, дауысты өзгерту және жүктелген контентті жою функциясы бар мессенджер. Бұл қолданба Еnd-to-end шифрлеу арқылы деректерді құрылғының серверінде емес, өзінде сақтауға мүмкіндік береді. VIPole-ді қолдану тегін әрі оны арнайы жазылып, бір айға сатып алып қолдануға да болады.

Келесі ұсынатын мессенджер &ndash Keybase. Әдетте мессенджерде адамға оның байланыс нөмірі арқылы хабарласамыз. Ал Keybase&ndashте нөмірін білмейтін таныстарға хабарласуға болады, яғни мессенджер белгілі бір адамды әлеуметтік желілер (Twitter, Reddit, Facebook, Github) арқылы табуға және оған шифрланған хабарлама жіберуге мүмкіндік береді. Қолданушыға біреудің поштасын не жеке байланыс нөмірін білу қажет емес.

Viber мессенджері бастан-аяқ шифрленеді. Мұндағы барлық чат пен қоңырау, жіберілген контент пен дерек қорғалады. Сонымен бірге SMS-те не жазылғанын компанияның өзі көрмейді әрі олар архивте сақталмайды. Шифрленген хат-хабарламаларды компаниядан тіпті арнайы органдар да ала алмайды. Тағы айта кететін жайт &ndash Viber құпия чат қызметін қосты. Сонымен қатар қолданушылар 20 адаммен бір уақытта видео арқылы байланыса алады. 

Wickr &ndash ең жасырын мессенджерлердің бірі. Сонысымен Telegram-ға балама саналады. Бұл мессенджерді қолдану үшін телефон нөмірін немесе электрон поштаны енгізудің қажеті жоқ. Тек ID мен пароль ойлап табу керек. Барлық дерек бірнеше жолмен шифрланады. Мессенджердегі барлық ақпарат ресурста сақталмайды, сондықтан қолданушының кімге не жібергенін бақылау мүмкін емес. Сонымен қатар бұл месенджерде экранды суретке түсіріп алу, яғни screenshot жоқ.

Wire &ndash Skype-ты жасаған топтың идеясы. Сервисте өтпелі шифрлеу әдісі бар. Сондай-ақ бұл мессенджерде дауысты түрлендіретін тек өзіне тән SILK технологиясы қолданылады. Ол үшін қолданушы екінші адамға Opus форматымен хабарласуы керек. Бұл формат интернет әлсіз кезде де дауыстың анық шығуына көмектеседі.

Line қауіпсіз мессенджерін жапондық инженерлер тобы 2011 жылы аймақты бүлдірген Тохоку жер сілкінісінен кейін байланыс әдісі ретінде жасаған. Мессенджер әзір болған соң инженерлер көп ұзамай қауіпсіздікті жақсарту үшін бастан-аяқ шифрлеу қызметін қосты. Оны Letter Sealing немесе &ldquoХат мөрлеу&rdquo деп атады. Бұл әдісті барлығы қолдана алады, тек арнайы қосылу керек.

CoyIM &ndash өтпелі шифрлеу әдісі бар мессенджер. Бірақ CoyIM-ді бірде-бір қолданба сервисінен таппайсыз. Себебі бұл мессенджер тек ресми сайтынан жүктеледі. Қолданбаның Android-қа арналған нұсқасы жоқ.

Threema &ndash ешқандай әлеуметтік желіде көрінгісі келмейтін адамдарға ыңғайлы. Себебі салыстырмалы түрде аз ақшаға &ldquoқұпия&rdquo байланыс қамтамасыз етеді. Тіркелгенде қолданушы 2 пароль құрастырады: бірі &ndash ашық, екіншісі &ndash жеке пароль. Басқа адамдардың байланыс нөмірін тек QR-кодпен сақтауға болады. Қолданушының байланыс нөмірін, электрон поштасын ешкім біле алмайды және профильдің сілтемесі әлеуметтік желілерде тарап кетпейді.

Silence, яғни &ldquoтыныштық&rdquo мессенджері бастан-аяқ шифрленген, қауіпсіз. SMS немесе MMS жіберетін қолданбаларға ұқсайды. Себебі интернет жоқ кезде де қолдануға болады. Қолданбаны пайдаланарда арнайы тіркелудің де қажеті жоқ. Бірақ Silence-ті арнайы мамандар деректерді алғысы келетін үшінші тараптың кодты ашпағанына көз жеткізу үшін үнемі қадағалап отырады.




Көрілген: 4268    Пікірлер: 0

сенбі, 30.01.2021, 01:57

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 16:42
    Пайдалы кеңестер
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30