Адам қандай жастан кейін арықтауға болмайды – денсаулыққа кері әсері болмасы үшін

07 маусым 2022, 20:01

Күллі әлемді жайлаған семіздік індетіне байланысты артық салмақтан арылудың хирургиялық тәсілдерінен бастап, түрлі жолдары қарастырылып келеді. Бұл жайында islam.kz тілшісі zdorovia.com.ua ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Тамақтану әдетінің өзгеруі мен ас мәзіріндегі өзгерістер, экологиялық, психологиялық себептері қат-қабат осынау дерттің бетін қайтару үшін диетаға отыру әдеті кең етек алып келеді.

 

Десе де білікті мамандар белгілі бір жастан кейін мұндай әрекеттің, яғни, артық салмақтан арылу талабының қатерге ұрындыратынын алға тартыпп отыр.

 

Дәрігерлердің бұл кеңесі, әсіресе, егде жастағы ересектерге қатысты: артық салмақтан арылу әрекеті өз кезегінде жасы ұлғайған адамның денсаулығына тек кері әсер ететін болады.

 

Юрия Конева есімді ресейлік геронтолог дәрігердің айтуынша, қарттыққа аяқ басқандардың организмдегі қалыптасқан жағдайды өзгертіп, кейбір жасырын немесе ощылмалы ауруларды өршітіп жібермек.

 

Қартая бастаған организмдегі зат алмасу процесіндегі өзгеріс физиологиялық параметрлерге соқтырады. Бұл жайт жасы алпыстан асқан адамдарың денсаулығына салмақ түсіреді. Осыған байланысты 60-қа дейін дене салмағын реттеп алуға кеңес береді.

 

Дәрігердің сөзіне қарағанда, адамның жасы ұлғайған сайын энергиялық қажеттілігі төмендейді.