Адам қанша жыл өмір сүруі мүмкін?

16 қаңтар 2022, 10:49

Канададағы HEC Montréal университетінің сарапшылары адамды бей-жай қалдырмайтын статистикалық дерек жинады – осы мәлімет негізінде осы заманғы адамның мейлінше ұзақ жасайтын ықтимал жасының 180 болатынын анықтады.

 

Бұл жайында islam.kz порталы Knowable Magazine ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Ғалымдардың топшылауынша, 180 жастан ары адам ұзақ өмір сүре алмайды. Бұл – адам ғұмырының шекті шегі.

 

Бұл тараптағы зерттеу материалында айтылғандай, адам 50-ге келген соң жыл сайын оның өлу қатері артады, алайда, 80 жастан соң мұндай қатер 110 жасына дейін төмендеумен болады.

 

Сарапшылардың келтірген дерегіне қарағанда, 110 жасты еңсерген адамның өлу қатері 50 пайыздан аспайды. Ерлерге де, әйелдерге де қатысты бұл көрсеткіш.

 

Сөз орайы келгенде айта кету керек, сонау XIX ғасырдың өзінде Уильям Джон Томс есімді демограф ғалым адамның ғұмыр жасы оның жат әдеттерге үйір болуына, соның ішінде тамақтану әдетіне, әлеуметтік жағдайына еш байланысы жоғын алға тартқан болатын.