Адам неге кекіреді?

Адам неге кекіреді?

Халық арасында кекіруді тойғанның белгісі деп жатады. Бірақ бұл қате ұғым.
Айналаңыздағы адамдардың ас ішіп отырғанда немесе тамақ ішіп болған соң кекіретіні байқап жүрген шығарсыз!? Сырт көзге жиіркеніш туғызып, жағымсыз күйге бөлейтін осы әдет көп адамның ашуын туғызып, тамақ ішу барысында тәбетін бұзатыны жасырын емес. Бүгін Skifnews.kz ақпарат порталы ашық дереккөздеріне сүйеніп, кекірудің себебі, оның салдары жайлы анықтап көрді.

Алдымен кекіру дегеніміз не, сол түсінікке тоқталсақ. Кекіру - ауаның іштен ауыз арқылы кенет сыртқа шығуы.

Уикипедия ашық экциклопедиясының мәліметіне сүйенсек, кекіру - қарын мен ұлтабардың жалғасатын жері түйіліп, оған қоса қарын, құрсақ, бауыр еттерінің рефлекторлы жиырылуынан пайда болады. Сау адам өте сирек кекіреді. Жиі қайталанып тұратын кекіру қарын гастриті, ішек-қарын ойық жарасы ауруларының, сондай-ақ, бауыр ауруларының белгісі. Кейде кекіргенде ауаға қосыла ішкен тамақ та шығады (әсіресе сәбиге тамақты көп бергенде). Кекіруден шыққан ауаға кейде асқазан қышқылы қосылып, оның дәмі ащы болуы да мүмкін. Иісі жағымсыз кекіру іштегі тамақтың шіри бастауының белгісі.

Халық арасында кекіруді тойғанның белгісі деп жатады.Бірақ бұл қате ұғым. Егер жиі кекіретін болсаңыз, тез арада дәрігерге қаралып, іш құрылыстарыңызды тексертіп, қажетті ем-дом шараларын жүргізгеніңіз жөн. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста