Адамдар не себепті жыныстық қатынасқа түседі?

13 сәуір 2018, 09:03

Бельгиялық және нидерландиялық сексологтар зерттеу жүргізіп, адамдардың жыныстық қатынасқа түсу себептерін анықтады. Бұл туралы NUR.KZ порталы officiel-online.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

4655 адамнан сауалнама жүргізген ғалымдар жыныстық қатынасқа түсудің бірнеше себептерін анықтады.

Сауланамаға қатысқандардың дені "бұл көңілді әрі ләззат сыйлайды", "физикалық ләззат алғым келді" деген жауап қайтарған.

Респонденттердің арасында нәзік жандылар әлдеқайда эмоцияға беріле отырып, жауап қайтарған екен. 18-22 жастағы арулар жыныстық қатынасқа махаббатын көрсету үшін немесе өзін бағалау үшін түскендерін алға тартты.

Ал жігіттердің дені жыныстық қатынасқа серіктесі тартымды болғасын түскендерін сөз еткен.

NUR.KZ