Сұрақ-Жауап. Кеңес

Адамды қартаюдан сақтайтын 4 ереже

  • Адамды қартаюдан сақтайтын 4 ереже

    Адамды қартаюдан сақтайтын 4 ереже

ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК денсаулықты сақтап, бойдағы жастығымызды сақтау үшін не істеу керектігі туралы кеңестерімен бөлісті.

Денені шынықтырып, белсенді болу.

Таза ауада жиі серуендеп, дене шынықтырумен айналысса, ол адам ағзасына жақсы әсер етеді. Біріншіден, қартаюды баяулатып, күйзелісті жеңуге көмектеседі. Ақырын болса да жүрудің өзі зат алмасуды, қан айналымды, тыныс алуды жақсартып, бұлшық еттерді жаттықтырады. Ондайда жүйке жүйесі демалып, адам сергіп қалады.

Дұрыс тамақтану керек. 50-60 жастан кейін ағзада физиологиялық өзгерістер болады &ndash зат алмасу баяулап, ішектің жиырылуы әлсіреп,  ферменттердің белсенділігі төмендейді. Ең бастысы, аз әрі құнарлы өнімдермен тамақтану. Әсіресе, балық, сүт, әсіресе қышқыл сүт өнімдерін (айран, йогурт) көбірек тұтыну керек. Күніне 300-400 мл сүт және түнгі уақытта 200 мл айран ішкен дұрыс.

Ұйқы, әсіресе, дұрыс ұйқы адамға ең қажет нәрсе. Күнде белгілі бір уақытта ұйықтау, кешкі асты ұйқыға дейін 2-3 сағаттан кешіктірмеу. Сондай-ақ ұйықтар алдында таза ауада серуендеп, көңіл-күйді көтеріп, ағзаны сергітетін сусындарды &ndash қою шай, кофе ішуге болмайды.

Жақсы көңіл-күймен жүрген абзал. Адам бойындағы реніш, үрей, сары уайымға салыну, ашу-ыза, қайғыру, қызғаныш, жек көру қауіп-қатер факторлары болып саналады. Олар адамды тезірек қартайтып, өмірді қысқартады. Сондықтан әрқашан күліп-ойнап, сергек көңіл күймен жүрсеңіз, ол рухани денсаулықтың белгісі. Осының өзі өкпенің қалыпты жұмыс істеуіне жақсы ықпал етеді, зат алмасуды реттейді.

aikyn.kz




Көрілген: 3080    Пікірлер: 0

жұма, 02.10.2020, 13:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31