Сұрақ-Жауап. Кеңес

Адамның өмір жасын ұзартатын сусын

  • Көрнекі фото: Getty Images

    Көрнекі фото: Getty Images

Шетелдік басылым өмір жасын ұзартатын сусын анықталғанын жазуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

 

Шетелдік Express басылымы адамның өмір жасын ұзартып, қатерлі ісіктің алдын алатын сусын түрін атады.

 

"Ұзақ жасағыңыз келсе, деніңіз сау болғанын қаласаңыз, салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтанудан, өзге белгілі бір сусынды ішу де жақсы нәтиже беретіні дәлелденген. Аталмыш сусын тек екі заттан құралады және мезгілсіз қазаның алдын алады", - деп жазған басылым.

 

Шетелдік басылымның мәліметіне сәйкес, бұл сусын ең алдымен куркумадан жасалады. Куркума бұрынғы заманнан өзінің денсаулыққа ерекше пайдалы болуымен белгілі. Бұл дәмдеуішті түрлі халықтар ғасырлар бойы тағамына қосып келуде.

 

Медицинада куркуманы қабынуға қарсы күресте, ауырсынуды басу мақсатында және метаболизмді жоғарылату мақсатында қолданады. Одан бөлек, куркума қатерлі ісік пен диабеттің кей түрлерінің алдын алады екен.

 

Көрнекі фото: Getty Images

 

"Өмір жасын ұзартатын" сусынның құрамында куркумадан бөлек комбуча деп аталатын шай саңырауқұлағы болуы тиіс. Бұл саңырауқұлақ органикалық қышқылдар мен В дәрумендеріне әрі пробиотиктерге бай.

 

Америкалық ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, шай саңырауқұлағы бактериялардың барлығына қарсы антимикробтық қасиетке ие. Одан бөлек, сусын қатерлі ісік жасушаларының таралуын азайтады.

 

Көптеген тәжірибелер жүргізу барысында шай саңырауқұлағы мен куркума қосылған сусынның денсаулыққа өте пайдалы екені анықталған. Олар Окинава елін мысалға келтіруде. Аталмыш мемлекетте әлем бойынша ең жоғары орташа жас ұзақтығы тіркелуде - 81,1 жас. Бұл елдің халқы куркума қосылған сусынды жиі ішетіні анықталған.

 




Көрілген: 3360    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.09.2020, 14:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қазан, 15:54
    Адам тән емес
    7 Қазан, 16:58
    ЭЦҚ деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31