Сұрақ-Жауап. Кеңес

Адамның өтірік айтып тұрғанын қалай анықтауға болады

  • https://www.chitalnya.ru/

    https://www.chitalnya.ru/

Голландияның Эразма қаласындағы Роттердам университетінің ғалымдары суайттан өзі ойдан шығарған оқиғаның мән-жайын егжей-тегжейлі айтып беруін талап еткенде оның бейсаналы түрде өзін тергеп отырған адамның әрекеті мен қимыл-қозғалысын қайталайтынын анықтады.

 

Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Бұл жаңалық өз кезегінде қылмыскерлерді тергейтін із кесушілердің жұмысын жеңілдетіп, қылмыстың тезірек ашылуына септігін тигізеді.

 

Адамдар әдетте өзінің жанындағы серігінің мимикасын салып, оның «айнасына» айналатынын түйсіне бермейді. Әдетте адам мұны серігіне ұнау немесе сеніміне кіру үшін істейді. Голландық ғалымдардың тұжырымы осындай.

 

Бұл бағытта арнайы жүргізілген тәжірибелер барысында серігіне жалған сөйлеген адамның іс-әрекетін мұқият қадалаған болатын. Ғалымдар технология көмегімен оның денесінің әр түрлі жағдайдағы сәтін, яғни, қимыл-қозғалысын бақылады.

 

Ал екінші тәжірибе кезінде бұл тәжірибеге өз еркімен қатысқандардан өзі ойдан шығарған оқиғаны сұхбаттасына айтып берді әрі олардың да қимыл-қозғалысы жіті назарда болды.

 

Екі тәжірибенің нәтижесі көрсеткендей, суайттың әрекеті сұхбаттасына икемділік танытқан, яғни, сұхбаттасы оның сөзі мен әрекетіне шұқшиып назар аудармаса да суайт оның «әуеніне төңкеріліп» ығына жығылатындай бейімділік танытқан.

 

Ғалымдардың түйіндеуінше, адам неғұрлым жалған сөйлеген сайын соғұрлым жанындағы серігінің әрекетін ессіз қайталайды.

 

 




Көрілген: 4728    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.01.2021, 12:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31