Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Агроном болсам деп едім

31 қаңтар 2011, 18:26

Мен Алматы қаласының шетінде ауылды жерде тұрушы едім. Бұған дейін қалада құрылыс компанияларында жұмыс істедім. Ал қазір қысқартуға түсіп, бос отырмын. Таяуда агрономдық мамандыққа сұраныс арта бастағанын, осыған байланысты курстық оқу орындары ашылғанын естідім. Бұл қаншалықты рас?
Мират МАҒЗЫМОВ,
Алматы облысы
Мұндай оқу орындарының ашыла бас­тағаны рас. Өткен аптада ғана Ақмола об­лысында «Шортанды» кешенінде агроном, зоотехник мамандарын даярлайтын ар­найы курстық орталықтар ашылғаны мә­лім. «Ондағы мақсат – қысқа мерзімде ауыл шаруашылығы мамандарын даяр­­лау» дейді орталық мамандары. Сондай-ақ бұл ретте экономист-ғалым Сағындық САТЫ­БАЛ­ДИН қазір Үкіметтің ауыл ша­р­уашылығы саласына айрықша назар аудара бастағанын, болашақта ауыл ша­р­уашылығын өркендетуге бай­ла­нысты осы салаға қатысты білікті ма­мандар қажеттігін де алға тартады. Де­мек, болашақта ауыл шаруашылығы маман­дарына деген сұ­раныс арта түсетініне кү­мәніңіз бол­ма­сын...