Сұрақ-Жауап. Кеңес

Ағзаңызды көктем мезгіліне дайындадыңыз ба?

  • Ағзаңызды көктем мезгіліне дайындадыңыз ба?

    Ағзаңызды көктем мезгіліне дайындадыңыз ба?

Көктем – табиғаттың түрленетін тамаша мезгілі. «Қыстан аман шықтық, көктем келді» деп шаттанғанымызбен ағзамызда орын алатын кей өзгерістер қуанышымызды су сепкендей басатыны бар. Әр көктем сайын бұлай қайталанудың сыры біздің иммунды жүйеміз жұқарып, ағзадағы дәрумен қорының азаюында.
Қыстың суығында үйде отырып, кеңседен көп шықпай, аз қимылдаймыз. Көктем басталысымен бірден пайда болатын қимылдардың салдарынан әлсіздікке ұрынамыз. Қар еріп, қара жер бусанып жатқандағы ауа райының өзгерісі қан қысымының төмендеуі мен бас ауруларына алып келетіні тағы бар. Көктемгі шаршау авитаминозға да байланысты болады. Бұл маусымдағы жемістер мен көкөністер құрамындағы барлық пайдалы дәрумендер мен қосылыстар бұзылады, тіпті зияндылары да пайда болады. Сондықтан қыстан қалған алма мен сәбіз авитаминозбен күресе алмайды. Бұл орайда айтарымыз дәрігермен кеңесе отырып арнайы дәрумендер қабылдаған пайдалырақ. Және қай мезгілде де құнарын жоғалпайтын дәнді-дақылдардан бас тартпай дұрыс тамақтанған жөн.

Дұрыс тамақтану демекші қыз-келіншектер арасында бұл мезгілде дене сымбатымен күресу белсенділігі артатыны жасырын емес. Аруларымыз диета дейді де дәруменсіз ағзаның дәрменсіздігіне қарамай өздерін тамақтан шектеп тастайды. Шын мәнінде «диета» сөзінің «дұрыс әрі пайдалы тамақтану» деген мағынаны білдіретінін елеп ескермейді де. Біздің айтарымыз алдымен саулығыңызға көңіл бөліңіз.Әлсіздік байқалып, көру қабілетіңіз нашарласа А дәруменіне,


 
Жүйкеңіз жұқарып, шашыңыз түсіп, тырнағыңыз сына бастаса В дәруменіне,
Ағзадағы зат алмасу процесінде өзгеріс байқалып, буындарыңыз сыр беріп жатса С дәруменіне бай тағамдарды дастархан мәзірінен түсірмеңіз. 

Буындар мен бұлшық еттеріңізге де назар аударыңыз! Көктемде буындар сырқырап, ескі жаралар мен созылмалы аурулар сыр бере бастайды. Қанша сақтансаңыз да, суық жел сізге жетпей қоймайды. Дәріханаларға бас сұғып, арнайы майлар мен жылытатын кремдерді және ауруды басатын гельдерді алып қоюға кеңес береміз.

Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер тұсында жүйкенің психологиялық әлсіреуі де сыр беретіні бар. Мұндайда жүйкені тыныштандыру үшін дене жаттығулары таптырмас ем. Күнделікті 10-15 минут уақытыыңызды жаттығуға арнасаңыз қан айналымы және бұлшық еттердің микро және макро элементтерімен қоректенуі күшейе түседі. Ішкі сілкініс (эндокринная железа) бездерінің жақсы жұмыс істеуіне мүмкіншілік туады. Ағзаға жағымды эмоциялық құбылыстардың болуына әсер етеді. Физикалық белсенділікті арттыруға ниеттілерге көптеген әр түрлі дене шынықтыру жаттығуларының мол жиынтығының арасындағы ең бірінші орынға шығаратындары: сауықтыру жүріс, жүріспен алмастырып тұратын жүгіру, аэробика, жүзу, гимнастика және тыныс алу жаттығулары.




Көрілген: 1196    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.03.2021, 23:59

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 16:42
    Пайдалы кеңестер
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30