Сұрақ-Жауап. Кеңес

Ағзаңызға пайдалы 11 көкөніс

  • Ағзаңызға пайдалы 11 көкөніс

    Ағзаңызға пайдалы 11 көкөніс

Ішіп-жеген асымыз ағзамызды өз «қалдықтарын» қалдырады. Ал оны тазартпасақ, түрлі ауруларға әкеп соқтырады. Олай болса, ағза тазалауға таптырмас 11 дәмге көз жүгіртелік.

 

1. Миндаль.
Оның құрамында қандағы қант мөлшерін қалыпта ұстауға көмектесетін кальций, магний мен ағуыздар көп. Ал миндаль құрамындағы май ағзадан холестеринмді шығарып, ішек жолдарының жұмысын жақсартуға көмек болады.

 


2. Авокадо
Ол холестерин мөлшерін азайтып, қан тамырларын кеңейтеді. Құрамындағы глютатион 30 түрлі канцрогендердің (организмде қатерлі ісік ауруларын және қатерлі, қатерсіз ісіктерді туғызушы химиялық қосылыстар) жолын кеседі.

 


3. Қызылша
Минералдарға бай қызылша инфекциямен жақсы күреседі. Сонымен қатар қан құрамы мен бауырды тазалайды. Аңызға сенсек, Афродита әдемілігін сақтап қалу үшін қызылша жеген көрінеді.

 


4. Көкжидек
Оның құрамында ауыру сезімін жоятын табиғи аспирин бар. Сондай-ақ көкжидек антибиотиктер сияқты қуық жолдарындағы бактерияларға қарсы тұрып, инфекцияның таралуына кедергі жасайды.

 

5. Орамжапырақ
Оның құрамындағы көптеген антиоксиданттар бауырға қауіпті заттардан арылуға көмектеседі. Сондай-ақ ол ішектің қозғалыс функциясын арттырып, асқорыту жүйесін тазартады. Темекі түтінінің зиянын азайтады.

 


6. Мүкжидек
Ол антибиотик, әрі вирусқа қарсы дәрілердің ролін атқарады, қуық жолдарын түрлі бактериялардан тазартады.

 


7. Зығыр дәні мен майы
Олар омега-3-ке бай. Демек, ағзаға таптырмас тазарту құралы болып саналады. Сондай-ақ зығыр дәні мен майы ми жұмысын жақсартады.

 


8. Сарымсақ

Ол қауіпті бактериялар мен паразиттерді, қандағы, ішкі органдар мен тыныс жолдарындағы вирустарды жояды. Артериальді қысымды түсіреді.


9. Бұршақ тұқымдастар
Үрмебұршақ, жасымық, ноқат, өзге де бұршақтар холестерин мөлшерін төмендетеді. Ішек жолдарын тазартып, қан құрамындағы қант мөлшерін қалыпқа келтіреді. Сонымен қатар ағзаны онкологиялық аурулардан қорғайды.

 

10. Лимон
Ол ағзадағы қышқылды-сілтілік тепе-теңдікті реттейді. Ал құрамындағы көп мөлшердегі С және өзге де дәрумендер бауырды тазалайтын глютатионның көп мөлшерде түзілуіне жағдай жасайды. Сондай-ақ рактың алдын алып, ағзаның ластануына жол бермейді.

 


11. Балдырлар
Олар ағзадағы ауыр металдар мен радиоактивті қалдықтарды жояды. Сондай-ақ балдырлардың түрлі минералдар мен микроэлементтерге бай екені көп жағдайда ескеріле бермейді.

 

muslim.kz




Көрілген: 1547    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.04.2020, 10:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 08:15
    Ерлер неден қорқады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30