Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ақ Азиада кезінде «Барахолка» жабыла ма?

21 қаңтар 2011, 11:26

Биыл кезекті қысқы олимпиада біздің елімізде өткізілетіндігі белгілі. Естуімізше, сол кезде Алматыдағы ел ішінде «Барахолка» атауымен танымал ірі киім-кешек базары жабылады екен. Сол рас па?
Нұржан БАЙСЕРІК,
студент
Біз бұл сыбыстың анық-қанығын білу мақсатында аталған базардың бас әкім­шілігіне телефон соқтық. Ондағылар бұл ақпаратты жоққа шығарды. «Ақ Азиа­да кезінде «Барахолка» бір аптаға жабылады деген дерек – негізсіз. Біз ол кезде де белгіленген күн тәртібімен ағымдағыдай жұ­мыс істей береміз. Жалпы, қыс мерзімінде сауда-сат­тық онша жүрмейді. Ал биыл елімізде өткізілетін осы үлкен спорттық шараға сырттан қонақтар көп жиналып, керісінше, ол біз­дің сау­дамыздың көрігін қыз­дыра түсе ме деп үміттеніп отырмыз», – дейді базар бас­шылығындағылар.