Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

АҚШ-тағы бірінші ханымдар бәйгесі

13 сәуір 2011, 12:07

АҚШ президенттерінің әйелдері бірінші ханым аталып қана қоймай, қоғам алдында танымал әрі беделді болады. Жуырда АҚШ-тың бірінші ханымдарының танымалдылығы бойынша рейтингісі жарияланыпты. Мүмкін болса, зерттеу қалай жүргізілгенін жазсаңыздар.
Жұлдыз Мәулітова,
Алматы
АҚШ-та ғана емес, бү­кіл әлем бойынша өзінің зерт­теу­лерімен аты шыққан An­gus Reid Public Opinion са­рап­тамалық агенттігі ха­лық ара­сында сауалнама жүргіз­ген. Ең алғаш болып бұл са­уалнаманың қоры­тын­дысы ком­пания сай­тында жа­рия­ланды. Зерттеу қо­ры­тын­дысы бойынша АҚШ-тың 40-шы прези­ден­ті Рональд Рей­ганның жа­ры Нэнси (24 па­йыз дауыс) АҚШ қоға­мын­да ең танымал бірінші ха­ным болып танылған. Екінші орын­ға Билл Клин­тонның зайыбы Хиллари Клин­тон 19 пайызбен жай­ға­сыпты. Сарапшылар оның та­нымалдылық деңгейінің жо­ғары болуына Мемлекет­тік хатшы қызметінде болуы да ықпал еткен. Үздік үш­тікті 15 пайыз дауыспен қа­зір­гі ба­сшы Барак Обама­ның әйе­лі Мишель Обама қо­ры­тын­дылапты.