Сұрақ-Жауап. Кеңес

Ақша шақыратын бұйымдарды қалай таңдау керек?

  • Ақша шақыратын бұйымдарды қалай таңдау керек?

    Ақша шақыратын бұйымдарды қалай таңдау керек?

Барлық ұлттың наным-сенімінде ақшаға қатысты ырым-тыйымдар бар. Үйде үлкендердің ысқырмау қажеттігін айтатыны да бекерден емес. Ал табыс әкелетін бойтұмарлар туралы не білеміз? Оларды қалай таңдау керек? Бұл сұраққа "Сырласу" сайты жауап береді.


Қызыл әмиян


Символдарға сенетін қытай ілімі Фэн-Шуй бойынша әмиянның түсіне мән берген абзал. Жер планетасына сай қоңыр, сары , қызғылт сары, алтын, күміс, ақ және сұр түстерді таңдаған дұрыс. Қызыл түсті әмианға назар аударған жөн. Себебі, қызыл түс ақша шақырумен қатар, адамның энергияға толы екенін аңғартады. Өмірлік күшті, белсенділікке ие екенін білдіреді.


Бағалы қағаз


Әмияныңызда тұмар ретінде ақша ұстаңыз. Ұсақ тиын емес,керсінше ірі ақша салып қойыңыз. Әр адамның әмиянында "бақыттың" бағалы қағазы болуы тиіс. Оның міндеті – мәңгілікке өз орнында қалып, ақшаны магнитше тарту.


Ескі және сирек ақшалар


Шектеулi таралыммен шығатын теңгелер де ақша шақырады. Айналымнан шығып қалған купюрларды немесе көне монеталарды жинап қойыңыз.


Магнит тастар


Астрологияға сенім артатындар шоқжұлдызына сай байлық шақыратын тастар тағу керек. Мәселен: Тоқты – күлгінтас, гелиотроп. Tорпақ – жадеит, ақық. Егіздер – анар, сутас. Шаян – зүбаржат, ақтас. Арыстан – лағыл. Бикеш – яшма, кианит. Таразы – гауһар, Сарышаян – жылтыр тас, мысық көз. Мерген – көгілдір ақық, көк тас. Тауешкі – ақық, малахит. Суқұйғыш – жақұт. Балықтар – зүбаржат, айлы тас.


Ақша шақыратын өсімдіктер


Қаржылық ахуалды жақсартуға көмектеседі деген тағы бір сенім – байлық символы болатын бөлме өсімдіктерін өсіру. Олардың қатарында бегония, каланхоэ, шегіргүл, бәйшешек, жауқазын, парсы теңбілгүлі және бамбук бар.


NUR.KZ




Көрілген: 1738    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.05.2019, 15:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Шілде, 22:45
    Өзіңді дамыту

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31