Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Ақтөбенің» бас бапкері анықталды

20 желтоқсан 2012, 11:19

«Ақтөбе» футбол клубында бапкерлік өзгеріс орын алып, ресейлік Вла­димир Мухановтың орнына отандық маман Владимир Никитен­ко­ның тағайындалғанын естідім. Енді Никитенко қызметіне қашан кі­ріседі?
Талғат Таңжарықов,
Ақтөбе қаласы
Иә, «Ақтөбені» жеті жылдай бап­таған Владимир Муханов ақыры қыз­­метінен кетті. Жаңа жаттықтыру­шы­­ны ко­манда мүшелеріне клуб пре­зиденті Сағат Еңсегенұлы таныс­тыр­ды.
Жалпы, Владимир Никитенко мен Ақ­төбе облысының әкімі Архимед Мұ­­хам­бетов жақсы таныс. Бұрын Аты­рауда да бірге болған. Сөйтсек бұл маманмен күзде-ақ алдын ала ауыз­ша келісім жасалып қойыпты. Негізі, Никитенко бұ­рын да Ақтөбеде қызмет атқарған. Ол кезде команда «Актюбинец» атал­ған. Оның үстіне, Никитенко ол кезде бас бапкер емес, жай ғана жаттық­ты­ру­шылар штабында болған екен. Ал соң­ғы екі маусымда бұл маман Қызыл­ор­даның «Қайсарын» жаттықтырды.
Сонымен, келесі жылы тағы да Еу­­ропа лигасында бақтарын сы­най­тын «Ақ­төбе» футбол клубы бүгін жа­ң­а мау­сымға дайындықтарын бастап та кет­ті. Алғашқы жаттығуға қатысу үшін чех Лукас Байер мен Тринидад жә­не Тобаго елінің өкілі Роберт Примустан бас­қасының барлығы да Ақ­төбеге кел­ген. Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, бұл екеуі тран­сферге қойылыпты. Енді он күндік оқу-жат­тығу жиынынан соң, 27 желтоқсанда «Ақтөбе» футбол­шы­лары өзара екіге бөлініп, «жол­дас­тық кездесу» өткізбек. Одан кейін фут­болшылар үйді-үйле­ріне тар­қасып, 2013 жылдың 7 қаң­та­рында қайта бастары қосылады. Түз­дегі оқу-жаттығу жиынына сол күні-ақ ат­танады. Яғни команда Түркияның Анталья қаласына бет түземек.