Сұрақ-Жауап. Кеңес

Акцияларды өз пайдаңызға қалай жаратуға болатынын білесіз бе

  • Фото: Freepik.com

    Фото: Freepik.com

Отбасылық бюджетті тауар сапасы мен әдеттегі ассортиментті жоғалтпастан үнемдеу әрқашан өзекті. Бұл Covid-19 пандемиясымен күрес салдары экономикаға әсер етіп жатқан қазіргі кезде тіпті маңызды.

 

Ең дұрысы және қарапайымы - барлығын акциямен, жеңілдікпен алу. Акцияны қалай жіберіп алмауға болады? Ең қарапайымы ірі желілердің сайттарын қарап отыру. Оларда акциялық тауарлардың бағасына мониторинг жасауға мүмкіндік беретін «Акциялар» бөлімі міндетті түрде болады. Үй шаруасын дөңгелетіп отырған Әсел еліміздегі ең ірі сауда желілерінің бірі - Magnum-ды мысалға ала отырып, тауарларды жеңілдікпен алудың тиімді жолын көрсетпек. Өйткені бұл сауда желісінің дүкендері еліміздің көптеген ірі қалаларында бар. Бірақ өз қалаңызда бар сауда желісінен тура осы принциппен сатып алсаңыз болады. «Магнумде» позициялары жиі өзгеріп тұратын «Апта тауары» тұрақты ациясы бар. Басқа желілерде бұл «Күн тауары», «Супер-баға» және басқаша аталуы мүмкін, алайда барлығының мағынасы бір: мұндай дүкендерде белгілі бір күні кейбір тауарларды айтарлықтай жеңілдікпен алуға болады.

 

Дүкенге барғанда сөрелердегі көп заттың ішінен басыңыз айналмас үшін акциялық тауарлардан құралатын «тұтынушылық кәрзеңкені» алдын-ала таңдап алыңыз. Мұндай кәрзеңкені қалай жинауға болатынын нақты мысалмен көрсетейін. Мен 27 шілде мен 5 тамыз аралығындағы акциялық бағаларды мен тұрақты бағаларды салыстырдым. Кәрзіңкемде менің отбасым әдетте қолданатын азық-түлік: жылдам пісіруге болатын күріш, сүт өнімдері, жұмыртқа, шұжық, ет өнімдері, қамыр және жеке гигиеналық заттар. Тура осылай сіздің отбасыңыз жиі қолданатын басқа да тауарларды таңдауға болады. Ч

 

 

 

Акциялық азық-түлікті сатып алу арқылы мен азық-түлік тауарларының жалпы құнының 17,9%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар құнының жалпы құнының 28,5% үнемдедім. Нәтижесінде үйреншікті 12 209 теңгенің орнына, тұрақты тұтынатын тауарларыма 9 621 теңге жұмсадым. 2 589 теңге немесе қаражаттың 21,2% үнемделді.

 

Енді бірнеше лайфхак. «Акциялық тауарлар» бөліміне кіріп, кәрзіңкеңізді толтырып шығу аз. Акциялар сөзсіз жақсы, бірақ кейде басқа фирманың сіз алғанға ұқсас тауары акциясыз-ақ арзан болуы мүмкін. Мысалы, менің кәрзіңкемде біз отбасымызбен пайдаланатын BiomedSensitive тіс пастасы бар. Өйткені балаларыммен бірге өзімнің де тіс эмалім сезімтал. Басқа пастаны қолдана алмаймыз. Алайда бұл арзан тауар емес, сондықтан егер сізде мендегі проблема болмаса, «Лесной Бальзам» тіс пастасын алған қолайлы. Сапасы да төмен емес, бағасы да ыңғайлы. Немесе бұдан басқа бюджеттік, бағасы төмен баламасын алсаңыз болады. Егер ол сіз жиі алатын тауардан арзан, акциямен сатылып тұрса, таныс емес брендті де қолданудан қорықпаңыз. Акциялар сізге жаңа затпен танысып, қолдануға мүмкіндік береді. Мүмкін кейін сол затты жиі тұтынуға көшесіз. Мен мысалы, сүйікті тіс пастамды солай таптым.

 

Өзіңіз зат сатып алатын ірі дүкендердің сайттарын жиі шолып отырыңыз. Кейбір күндері әдеттегі 10-20% акциядан бөлек, 40-60% тіпті одан жоғары акциялар болады. Мысалы, «Магнумда» ондай күн «Жойқын жеңілдіктер» деп аталады. Мұндай акция жиі өткізілмейді. Тек жылына бір, екі рет қана. Есесіне, сол күнге тап болсаңыз өте арзанға бұзылып кетпейтін, қажетті заттың бәрін алуға болады.

 

 

Соңғы рет «Жойқын жеңілдіктер» кезінде біз «Петропавловское» (3,2%) сүтін бірден 40%-ға арзанға, әдеттегі 389 теңгенің орнына 235 теңгеге алдық. Қораптағы сүт үшін бұл өте тамаша баға, одан арзанын мүлдем таппайсыз. Қораптағы сүт тоңазытқыштың сыртында тұрса да ұзақ сақталады. Сomet (850 мл) тазалағыш сұйықтығын -40%-ға, әдеттегі 799 теңгенің орнына 479 теңгеге алдық. Мен әдетте «Мистер Мускулды» қолданамын, бірақ акцияның арқасында менің ас үйімдегі сөре Сomet-ке толы. Бұған мен өте қуаныштымын.

 

Егер сіз зат алатын дүкендердің мобильді қолданбасы болса орнатып алуға ерінбеңіз. Кейбір желілер қолданба арқылы бонус жинауды ұсынады, кейбірі қосымша жеңілдік жасап, қолданушылар үшін арнайы акциялар ұйымдастырады. Кейде қолданбада тауар түрлері жылдамырақ жаңарады. Үнемдеудің мұндай мүмкіндіктерін жіберіп алмаңыз. Үнемделген бонустарды және басқа да жағымды нәрселерді жазып алуды ұмытпаңыз. Неге? Өз еңбегіңіздің нәтижесін көру үшін. Иә, иә сіздікі еңбек. Сайтты шолып отыру, «тұтынушылық кәрзіңке» жинау, сатып алатын заттардың тізімін жасау - бұл күш пен уақытты талап ететін, бірақ маңыз аз сияқты, көбіне көзге көрінбейтін үй менеджменті. Алайда бұл маңызды! Үнемделген қаражатты көрген немесе жақындарыңызға бюджетті жүргізудегі шағын жетістіктеріңізді көрсеткен сайын сауда желілерінің акциялық және басқа да арнайы ұсыныстарын дұрыс қолдансаңыз қаржыны үнемдеу тұрғысынан кәдімгідей ұтатыныңызды байқайсыз.


Түрлі акциялардан бөлек ірі сауда желілері бағалы сыйлықтар мен жүлделер де ойнатады. Мысалы, қазір Магнумдағы «Magnum Arena» платформасында толықтырылған шынайылыққа лайықталған акция өтуде, ол жерде шағын жүлделермен қатар басты жүлдеге – 15 ноутбук, 10 смартфон, Sony Playstation оный консолі тігілген. Бұл сіздің үнемделген бюджетіңізге жақсы қосымша болуы мүмкін. Сіздерге сәттілік тілейміз, өзіңізді қорғап, өз пайдаңызға жарайтын барлық мүмкіндікті пайдаланыңыз!

 




Көрілген: 407    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.09.2020, 15:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қазан, 15:54
    Адам тән емес
    7 Қазан, 16:58
    ЭЦҚ деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31