Сұрақ-Жауап. Кеңес

Ақылды және ақылсыз адамдар туралы

  • Ақылды және ақылсыз адамдар туралы

    Ақылды және ақылсыз адамдар туралы

Әлемдегі барлық халықтардың сөздік қорында «ақылды» және «ақылсыз» деген түсініктер бар. Осыған қарап, адамдардың арасында ақылдылары мен ақымақтарының барлығын тұжырымдауға болады. Бір қарағанда бұлай болмауы тиіс. Мәселен, физиологиялық жағынан алып қарайықшы. Адамдардың миының салмағы, ми қатпарларының және ми клеткаларының мөлшері, оның түсі - бір сөзбен айтқанда барлық физиологиялық сипаты бір-бірінен айнымайды. Мәселен, қуаттылығы, салмағы, басқа да көрсеткіштері бірдей болып табылатын бір маркада шығарылған автокөліктердің бір-бірінен еш айырмашылығы болмайды. Ал тәнінің физиологиялық сипаты біркелкі болып саналатын адамдардың арасында неге ақылдылары мен ақылсыздары, ұстамдылары мен ұшқалақтары, байыптылары мен тоғышарлары бар?

Мәселен, жұрттың бәріне дерлік танымал «Көктемнің 17 сәті» фильмінің басты кейіпкері Штирлицтің қандай қиындықтан да жол тауып шыға білетін ақылдылығы көрерменді тәнті етсе, керісінше осы сериалдың тағы бір кейіпкері тергеуші Ральфтің ақылдан жұрдай әпербақандығы жиреніш сезімін туғызады. Сырт тұлғасы, бойы, түр келбеті жағынан Ральфтің Штирлицтен еш айырмашылығы жоқ, бірақ ақыл-ой деңгейі екі түрлі. Осыған қарап, адамдардың ақылды, не  ақымақ болуы сырт келбеті мен миының қатпарларына, салмағына байланысты еместігін ұғынуға болатындай. Яғни, ақылды, не ақылсыз болудың сыры тәніміздің құрылымына қатысты емес.

Адамдар неге ақымақ әрекеттер жасайды?

«Побег» атты шетелдік сериалдың орыстық нұсқасын жұрттың біразы көріп, тамашалаған болар. Сол сериалда түрмеден қашқан бірнеше адам өздерімен бірге қашпақ болып, бірақ қайтыс болған таныстарының үлесін табады. Кем дегенде 5-6 миллион доллар салынған үлкен сөмкені өзгелерден айласын асырған бір қылмыскер алып кетеді. Бірақ, қашқындарды ұстағаны үшін берілетін сыйақыға қызығып, олардың соңынан түскен бұрынғы түрме бастығының орынбасары мен қызметкері ақша алған қылмыскерді тауып, мол олжаға кенеледі. Дегенмен, тағы да ашкөздік деген әзәзілдің арбауына түскен бұрынғы түрме қызметкері өзінің бұрынғы бастығын ұрып жығып, мол ақшаны жалғыз олжалайды.

Осыдан кейінгі әлгі бір сөмке ақшаға ие болған жігіттің әрекеті нағыз есуастық десе болады. Ол сонша ақшамен өзі тұратын  қаладан қонақүйдің ең қымбат бөлмесін жалдап алып, екі жезөкше қызбен арақ ішіп, қызыққа белшеден батады. Бірақ та оның қызығы онша ұзаққа созылмайды. Соңынан шырақ алып түскен ақшасын алдырған кәнігі баскесер әлгіні іздеп тауып, өлтіріп, бар ақшасын тартып алады.

Бұны бәлкім сіз ойдан шығарылған киноның сюжеті дейтін боларсыз. Бірақ өмірде мұндай жайлар үнемі кездеседі және біз сондай оқиғалардың куәсі болып жататынымыз рас. Адамдар еркінен тыс ақылсыз істерге барады. Мәселен, әлгі киноның кейіпкерін алып қарайық. Ақылға салып қарасақ,  бір сөмке ақша түрмеден қашқан бес-алты адамға түгел жетер еді. Бірақ олар қарақан бастарын ойлап, ақша үшін қырықпышақ болды. Айласын асырған қылмыскер ақшаны алып кетті. Дегенмен, оны іздеп тапқан бұрынғы түрме қызметкерлері сонша ақшаны тағы да бөлісе алмай, бір-біріне опасыздық жасады. Бұның бәрінің астарында ашкөздік деген кесапаттың жатқаны белгілі. Әлгі түрменің бұрынғы қызметкерлеріне сонша ақша өмір бойы еш жұмыс жасамай бақуатты тірлік кешулеріне әбден жетер еді. Бірақ, ашкөз жігіт бұрынғы бастығынан айласын асырып, бар ақшаны қарпып қалмақ болды. Жә, дұрыс-ақ, мол ақшамен шалқып өмір кешкісі келген болар деп ойлауға болар еді. Бірақ, әлгінің ақылы &ndash қонақүйден нөмір алып, жезөкше қыздармен арақ ішіп қызыққа батуға ғана жеткендей. Егер оның орнында ақылы бар біреу болса, ақша қолына түсісімен пәлелі жерден барынша аулақ кетіп, ақшасының бір бөлігін банк депозитіне салып, қалғанына жылжымайтын мүлік алып, шағын бизнес ашып, адамша тірлік кешуіне болар еді.

Тағы бір мысал. Мен үшінші рет сотталған жасы отызды орталаған жігіттің сотына қатыстым. Әлгінің жасаған «қылмысы» адамның күлкісін келтіретін, жалпақ тілмен айтқанда есуастық. Ол жексембі күні қала сыртындағы ағаш арасында кішкентай қызымен және итімен серуендеп демалып жүрген жас келіншекті зорламақ болады. Бірақ жігіт келіншек тарапынан  күтпеген қарсылыққа тап болады. Ол аз десең, әйел бар даусымен айқайлап жұртты көмекке шақырады. Шошынған жігіт ойына келген шаруасын жүзеге асыра алмай, қашуға мәжбүр болады. Ол текке кетпей, әйелдің мойнына іліп алған ұялы телефонын ала кетеді.

Күтпеген жайдан есін жиған келіншек дереу полицияға барып, арызданады. Оның айтуымен қылмыскердің суреті жасалады. 70 мыңдай ғана тұрғыны бар шағын қаладағы қылмысқа бейім адамдарды бес саусақтай білетін полиция қызметкерлері қылмыскердің кім екенін айтпай-ақ таниды. Ұялы телефонды бір жарты араққа айырбастап, үйіне келіп түк болмағандай ұйықтап жатқан қылмыскер қолға түсті. Ол бұрын екі рет сотталғандықтан «рецедив» деген бапқа ілігіп, осы «қылмысы» үшін жеті жылға сотталды. Және жазасын қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде өтейтін болды. Ақылға салып қарасаң, әлгі жігіттің әрекеті нағыз есуастық. Қазір өзге елді білмеймін, Қазақстанда істеймін деген адамға жұмыс көп. Жұмыс істеп, ақша тапсаң, күшің бойыңа симай бара жатса ақысын төлесең не қаласаң соны жасауға әзір жезөкше қыздар жетерлік. Іш, же, көңіліңді көтер. Ол қылмыс емес және оған барлық мүмкіндік бар. Осындай жағдайда жас келіншекті зорламақ болып, үшінші қайта түрмеге түскен әлгі азаматтың әрекетін ақымақтық демеске, лажың жоқ.

akikat01.com




Көрілген: 1853    Пікірлер: 0

сенбі, 24.10.2020, 16:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қазан, 15:54
    Адам тән емес

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31