Сұрақ-Жауап. Кеңес

Әлемдегі ең дімкәс қай ұлт екенін білесіз бе?

  • http://islam.kz/

    http://islam.kz/

Ғалымдар зерттеп-зерделей келе адамға қауіпті деген ДНК-ның 26 түрі барын анықтап білді. Осының негізінде әлемде қай ұлттың дімкәс екенін анықтады.

 

Бұл бағытта жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша әлемдегі ең дімкәс ұлт финдер болып шықты. Яғни, ДНК-ның осынша түріне ие. Әдетте ұрпақтан ұрпаққа берілетін, яғни, тұқым қуалайтын аурулар қатері бойынша финдер алға шыққан.

 

Негізінде аталмыш зерттеу организмнің ерекшелігін анықтау мақсатында жүргізілгенін айта кету керек. Ең алдымен генетикалық материалдарға басты назар аударылған болатын. Мамандар тұқым қуалайтын нақты аурулар мен олардың санын анықтап алды. Нәтижесінде «финдер қанының» генетикалық ауруларға бейімдеу екеніне көз жеткізді.

 

Гендерді маркерлеу арқылы әлем бойынша тұқым қуалайтын ауруы бар адамдар қарасын азайтуды көздеп отыр. Мамандар тек жүрек-қан тамырлары ауруларына және метаболизмге (зат алмасу) жауапты гендермен жұмыс істегенін жеткізді.

 

Сарапшылар фин генінің өзгешелігін аталмыш ұлттың өзгелерден ұзақ уақыт бойы оқшау өмір сүргенінен көреді. Бұл ахуал өз кезегінде олардың генетикалық материалының салыстырмалы түрде бір текті қылған.

 

Тарқатыңқырап айтқанда, аталған ұлт мекендеген аймақтың ерекшелігімен байланыстырып түсіндіреді. Осыған байланысты финдердің ДНК-сы ұқсас болып келеді, сол себепті, тұқым қуалайтын ауруларға шалдығу қатері жоғары. Мамандар осынау ауытқулар бойынша барлық мәліметті бір-бірімен байланыстырып, оларды «финдердің тұқым қуалайтын аурулары» деген атпен бір топқа топтастырды.

 

Бұл жайында it-time24.ru ақпарат көзі хабар таратты.

 

islam.kz

 




Көрілген: 3164    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.03.2020, 10:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 08:15
    Ерлер неден қорқады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30