Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Әлемдегі ең жас ұйым қашан құрылды?

03 ақпан 2011, 12:39

Әлемде түрлі деңгейдегі халықаралық ұйымдар бар. Солардың ішіндегі ең жас халықаралық ұйым қайсысы?
Құттыкелді БЕКЕН,
Алматы
Әлемдегі ең жас халықаралық ұйым деп Еу­ро­палық одаққа мүше мемлекеттердің 2008 жылы құр­ған «Жерорта теңізі үшін одағын» айтуға бо­лады. Аталған ұйымға ЕО-ның 27 мемлекетімен қа­тар, Еуропалық одақ аумағына кірмейтін Жер­ор­та теңізінің 10 елі мүше. 2008 жылы Парижде өткен алғашқы саммитте 43 елдің басшылары бас қосқан. «Жерорта теңізі үшін одағының» штаб-пәтері 2010 жылдың 4 нау­ры­зында ашылды. Одақтың ор­та­лығы Испанияның Барселона қа­ла­сын­да орналасқан. Айта кетейік, бұл идеяны ең алғаш рет Франция Пре­­зиденті Николя Саркози мем­лекет басшылығына үміткер кезінде өзінің сайлау алды бағдарламасы ая­сында «Жерорта теңізі үшін ода­ғын» құру туралы бас­тама етіп кө­терген еді.