Алжудың ерте білінетін белгісі

29 сәуір 2022, 18:35

Күндіз ұйқы басып жүрса, бұл алудың белгісі болуы мүмкін екенін ескертеді мамандар. Бұл жайында islam.kz порталы тілшісі Alzheimer’s and Dementia мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Білікті мамандардың сөзіне қарағанда, жасы егде адамдар арасында осындай белгісі барлардың Альцгеймер ауруына шалдығу қатері жоғары болып келеді.

 

Бұл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, күндіз бір сағаттан артық уақыт ұйықтаған адамның алжу қатері бір сағаттан кем ұйықтаған адамға қарағанда 40 пайызға артады.

 

Бұл бағытта арнайы тәжірибе жүргізілді: конгнитивті қабілеті (есте сақтау, назар салу, т.б.) жақсы адамдардың күндізгі ұйқысы жылына орташа есеппен 11 минутқа артқан.

 

Ал конгнитивті қабілеті аздап төмендегендерінің күндізгі ұйқы ұзақтығы екі есеге өсіп, 24 минутқа ұзарған.

 

Ал Альцгеймер ауруына шалдыққаны анықталғандар арасында бұл көрсеткіш 68 минутқа жеткен.

 

Әлбетте, ғалымдар күндізгі ұйқының алжуға себеп бола алмайтынын, алайда, алжудың алғашқы белгісі болуы мүмкін екенін алға тартып отыр.

 

Алжуға қарсы тұру үшін көп ізденіп, мидың белсенділігін қажет ететін интеллектуалды тапсырмаларрды орындауға кеңес береді.