Сұрақ-Жауап. Кеңес

"Алкоголь ішкенде уақытша жеңілдік сезіледі". Арақ-шарап депрессиядан құтқара ма?

  • "Алкоголь ішкенде уақытша жеңілдік сезіледі". Арақ-шарап депрессиядан құтқара ма?

Күйзелістен құтылу үшін кей адамдар арақ-шарап пайдаланады. Нарколог мамандар бұл проблеманы шешпейтінін айтады. Керісінше арттырып жібереді деп ескертуде. Кейінгі уақытта ішімдікке құмар азаматтардың қатары тым жасарып кеткен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Депрессия мезгіл таңдамайды. Десе де қоңыр күзде көңілі алай-дүлей болатын адамдардың саны артатын көрінеді. Ал осы бір қиын сәтте көпшілік күйзелісін ішімдікпен басуға ұмтылады екен. 

 
"Адам өзінің депрессиясын, стрессін алкоголь арқылы жеңемін деп, қайта содан артық стресске кіріп кетеді. Одан да созылмалы депрессия болады. Алкоголь ішкен сәтте уақытша бір жеңілдік сезіледі. Бірақ, ол өкінішке орай теріс иллюзия дейді. Жалған көрініс, жалған сезімдер. Уақытша бір депрессия кеткендей болып тұрады. Тәуелді адам өзін көбіне қайталап айтамын аурумын деп санамайды", - дейді "Аманат" орталығының басшысы, психолог Нұрлан Тұрсынбеков.

Депрессияға түскендер наркологтардың көмегіне де жүгініп жатады. Көбіне, жақындары жетектеп әкеледі екен. Пациенттердің дені - жұмыссыздар, отбасын құрмағандар мен ажырасқандар. Қазақстан әлем бойынша алкогольге тәуелді елдердің рейтингтінде алғашқы ондықта тұр. Нарколог маман кейінгі кезде ішімдікке салынғандардың жас категориясы жаға ұстатады дейді.

"Алкогольге тәуелді адамдардың орташасы 50-ден асқан, 60-қа жақындаған адамдар болса, соңғы кезде алкогольге тәуелді адамдардың жасы 29-30 жастағы адамдар. Ақыл кемділік, әртүрлі психоздар, алкогольді "белый горячка" дейміз. Алкогольді энцефалопатия. Ал дене жағынан алсақ, бірде бір ағзаға алкогольдің пайдалы әсері жоқ", - дейді дәрігер-нарколог Тоқтар Қойшыбек.

Бір аурудың үстіне бір ауру қосып алғың келмесе алкогольге жолама. Сарапшылар бірауыздан осындай кеңес береді. Бірақ, күйзеліс психологиялық себептерден ғана туындамауы мүмкін екен.

"Адамның тамақтануы нашарлаған сайын, ағза әлсізденеді. Осының барлығы адамның жай-күйі төмендейді. Депрессия кезінде белсенділіктен бас тартқысы келеді. Барлығы жата бергісі келеді. Депрессивті өлеңдер, кинолар таңдап алады. Жата беру, ешкіммен сөйлеспеу сияқты. Мұның барлығы сигналдар болып келетіндігінде", - дейді Аида Тұрғазы, психолог.

Мамандар күйзеліске тап болған адам психологтың көмегіне жүгінуі керек не жақындарының қолдауына сенім артуы тиіс екенін айтады. 




Көрілген: 326    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.09.2020, 16:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31