Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алмалы ауданы бойынша алты базар жабылады

22 сәуір 2011, 10:45

Мен Алматы қаласының Алмалы ауданында тұрамын. Қазір қала бойынша көп базар жабылады деп естідім. Біздің ауданнан қандай базарлар жабылады немесе олар қайда көшіріледі?
Сәуле,
Алматы қаласы
Қалалық әкімшіліктің берген мәліметіне сүйенсек, Алматы қаласының Алмалы ауданы бойынша алты базар жабылады. Олар мыналар:
1. Қабанбай батыр мен Байсейітова көшелерінің қиылысында орналасқан «Алматы гүл өсіру клубы» базары. Ол бүтіндей бұзуға жатқызылады.
2. Төле би мен Мирзоян көшелері қиылысындағы «Кәрім» базары да бұзуға жатқызылады.
3. Гоголь мен Мұратбаев-Қожамқұлов көшелері қиылысында орналасқан «Береке» базарының жер телімі саябақ пен демалыс орнын ұйымдастыру үшін алынады.
4. Қабанбай батыр мен Әуезов көшелері қиылы­сындағы «Алматы сауда» базары бұзылып, ондағы жер телімі Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасына (Алматы аймақтық емдеу-диагностикалық орталығына) қосымша ғимарат тұрғызу үшін беріледі.
5. Райымбек даңғылы мен Дүйсенова көшелерінің қиылысында орналасқан «Жұлдыз-57» базары бұзылып, оның жер телімі саябақ пен демалыс орнын салу үшін алынады.
6. Төле би мен Тілендиев көшелерінің қиылысындағы «Тұлпар» базары да бұзылады, оның орнына басқа ғимарат тұрғызылады деп жоспарланып отыр.