Алманы кімдерге көп жеуге болмайды

04 қазан 2021, 10:46

Ресейлік диетолог дәрігер Елена Соломатина алманы кімдерге көп мөлшерде жеуге болмайтыны туралы, сондай ақ бұл жемістің пайдасы мен зияны жайлы айтып берді.

 

Соломатинаның мәліметінше, алма – пайдалы жеміс, оның құрамында дәрумендер, полифенолдар, биофлавоноидтар, сондай-ақ қан тамырларын нығайтатын және қабынуды басатын кверцетин бар.

 

"Алмада жасұнық, еритін пектин де бар. Ол метаболизм процесінде түзілетін артық холестеринді, уыттарды (токсиндерді), эндотоксиндерді шығарады", - деді диетолог RT-ге берген сұхбатында.

 

Егер алманы пісірсе және кептірсе, ондағы калий мен минералдардың мөлшері артады. Соломатина жемісті сақтаудың ең тиімді әдісі мұздату екенін атап өтті. Мұның себебі – мұздатылған тағамдарда дәрумендер, микро және макроэлементтер көбірек сақталады.

 

"Алманы кептіргенде кейбір дәрумендер жойылатынына қарамастан, бұл өңдеудің өте жақсы әдісі. Жаңа піскен алманың құрамында көптеген органикалық қышқыл бар, олар метаболизмді тездетеді. Қышқылдар бір жағынан пайдалы болса, екінші жағынан қышқылдығы жоғары адамдарда жағымсыз сезім тудыруы мүмкін. Әсіресе қышқыл алманы аш қарынға жегенде кері әсері болады", - деп түсіндірді маман.

 

Асқазан-ішек жолдары зақымданған адамдар алманы сақтықпен жеу керек, ал кейбір адамдарға мүлдем жеуге болмайды – немесе тек пісіріп тұтыну керек.

 

Диетолог Соломатинаның айтуынша, алма – төмен калориялы және пайдалы өнім. Алайда қант диабетімен ауыратындар өте тәтті алманы сақтықпен жеу керек. Мұндай алманың құрамында сахароза бар.

 

 

 

sputnik.kz