Алматы ХҚКО-лары жұмыс істей бастады

11 қаңтар 2022, 10:40

Алматы қалалық ХҚКО-лары 11 қаңтардан қызмет көрсете бастады. Клиенттерге паспорт пен жеке куәлік рәсімдеу, көші-қон қызметтерінен өзге барлық мемлекеттік қызмет қолжетімді.

 

ХҚКО-лардың жұмыс кестесі дүйсенбі жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз.

 

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері басқа міндеттерді орындап жатқандықтан, әзірге еліміздегі барлық мамандандырылған ХҚКО-лар жұмысы тоқтап тұр.

 

Қазіргі таңда ХҚКО-лар тек Алматы облысында жұмыс істемейді.

 

 

 

24.kz