Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматы УЕФА кубогын қабылдайды

01 ақпан 2011, 11:40

Шағын футболдан УЕФА кубогы аясындағы «үздік төрттік финалы» қай қалада өтетін болды? Жақында естуім бойынша, «үздік төрттіктің финалын» қабылдайтын қала белгілі болып қойыпты...
Тәуелсіз МЕКЕНТАСОВ,
Алматы қаласы
Жақында УЕФА-ның атқару комитеті ке­зек­ті отырысын өткізіп, «Үздік төрттік фи­на­лын» қабылдайтын қаланың есімін жария етті. Айта кетейік, биылғы жылдың 28 сәуір мен 1 мамыры аралығында өтетін «Үздік төрт­тік финалын» қабылдауға Алматы мен Пор­тугалия астанасы Лиссабон үміткер болатын. УЕФА-ның атқару комитеті бұл жолы дүбірлі доданы қабылдауға Алматы қаласына мүмкіндік берді. Олардың бізге бүйрегі бұруын мына себептермен түсіндіруге бо­ла­тын шығар. Біріншіден, «үздік төрттік фи­на­лын» Лиссабон қаласы бірнеше мәрте қа­был­даған. Екіншіден, Алматының «Балуан Шо­лақ» атындағы спорт сарайы УЕФА кубо­гы­ның негізгі кезеңдік ойындарын қабыл­дап, жоғары дәрежеде өткізді. Енді Алматы қа­ласында өтетін «үздік төрттік финалына» Пор­тугалияның «Спортинг» және «Бенфика» командалары мен Италияның «Мон­те­силь­ва­но­сы» және Алматының «Қайраты» қаты­са­ды.