Сұрақ-Жауап. Кеңес

Алматыда аптаның қай күндері жол апаты жиі болады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматыны дамыту орталығы мен қалалық цифрландыру басқармасы бірлесіп, мегополистегі жол-көлік жағдайына талдау жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Алматыда жыл басынан бері 470 мыңнан астам жеңіл автокөлік тіркелген, оның ішінде 250 мыңының пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан.

 

Полиция департаментінің мәліметінше, Алматыға күн сайын 200 мыңға жуық автокөлік кіреді. Оның ішінде шамамен 160 мың көліктің пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан. Бұл қаланың экологиялық ахуалына және жол қозғалысы қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер етеді. 2019 жылы Алматыда жол-көлік оқиғалары жиі орын алған 20 жол учаскесі анықталды.

 

ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, 2019 жылы Алматыда 4 489 көлік апаты болған. Онда 161 адам қаза тауып, 5 308 адам түрлі дене жарақатын алған.

 

Көлік апатынан қаза тапқандардың басым бөлігі - 21-29 жаста. Көз жұмғандар мен зардап шеккендердің 50%-дан астамы - 18-39 жастағы жастар.

 

Жол-көлік оқиғаларының көбі – 47,5% реттелмейтін көше қиылыстарында болады.

 

Барлық тіркелген заңбұзушылықтардың үштен бірі – жылдамдықты аттыру (1605). Апаттардың үштен бір бөлігі маневр жасау ережесін бұзу салдарынан болған, 12%-дан астамы – жаяу жүргінші өткелінен өту ережесін бұзу (555).

 

Жүргізілген тексеру нәтижиесі бойынша, Алматыда жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі күндіз болады – 65,7% (2884) және сәуір, мамыр, маусым, қыркүйек айларында жасалады. Осы төрт айдағы ЖКО үлесі бір айда орта есеппен 9,5- 9,9% немесе жалпы 38,8%-ды құрады.

 

Апта күндері бойынша апаттың ең көбі дүйсенбі, сәрсенбі және жұмаға келеді – 15%-тен, ал ең азы жексенбіде – 12,7%. Бұл жұмыс күндері қалыптасқан қозғалыс жағдайының демалыс күндері өзгеретінін көрсетеді.

 

ЖКО санын азайту үшін «VisionZeroAlmaty» іс-қимыл жоспары аясында реттелетін жаяу жүргінші өткелдері, бағдаршам, шығыңқы аялдамалар, жаяу жүргінші өткелдеріне LЕD-жарықтандыру орнатылды.

 

Биыл бағдаршам орнату, көшелерді орташа жөндеу, қауіпті жол учаскелерінде қауіпсіздік аймақтарын салу, реттелмейтін жаяу жүргінші өткелдерін жарықтандыру жұмыстары жалғасуда. 30 бағдаршам мен 70 реттелетін жаяу жүргінші өткелін салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде, сондай-ақ реттелмейтін 70 жаяу жүргінші өткеліне LЕD-жарықтандыру орнатылып, трапеция тәріздес жасанды кедір-бұдыр жасалады. Жол қоршауын орнату жұмыстары жалғасады.

 

Жалпы, Алматыда жол қозғалысы саласында әлемдік стандарттар мен нормативтерді енгізу жұмысы жүріп жатыр. Жол жөндеу, реконструкциялау, жолайрық салу, тұйық көшелерді ұзарту ісі қолға алынып, жерүсті өткелдері салынуда. Жол қозғалысының таңбалау, шектеу және реттеу жүйелері жақсарып келеді.

 

Қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақтар салынды. Көшелер мен жолдарды жарықтандыру жаңғыртылып, жаңалары іске қосылуда. Қоғамдық көлік, велосипед қозғалысы дамып отыр.

 

«Жол қозғалысының қауіпсіздігі» ААЖ көмегімен 2020 жылдың 3 айында 63,4 мың ереже бұзу фактісі тіркелді, 299,9 млн теңге айыппұл салынды.

 

Осы кезеңде «Сергек» тіркеген заңбұзушылық саны 37 мыңға жуықтап, 156 млн теңге айыппұл салынды.

 




Көрілген: 433    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.06.2020, 15:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31