Сұрақ-Жауап. Кеңес

Алматыда қай уақыт аралығында далаға шығуға болады?

  • https://www.arnapress.kz/

    https://www.arnapress.kz/

Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар ата-аналары немесе ересектердің бақылауымен ғана демалыс алаңдарына шыға алады. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Алматы қаласында таңғы сағат бестен кешкі тоғызға дейін балалар және демалыс алаңдарына шығуға болады. Біздің арнайы талаптарымыз бар. Балалар және демалыс алаңдарына, аулаларға күнделікті дезинфекция жасалуы қажет. Мұны пәтер иелері кооперативі мен сол үйлердің иелері жасайды", - деді Бекшин.

 

Сонымен қатар аулаға шыққан кезде тұрғындар медициналық маска тағып, антисептик пайдалануы қажет.


"14 жасқа дейінгі балалар ата-анасының, ересектердің бақылауымен ғана далаға шыға алады. Үш адамнан артық жиналуға болмайды. Адамдар арасында екі метр қашықтық сақталуы керек ",- деді ол.

 

Сонымен қатар алаңға шыққан кезде физикалық байланыс болмауы тиіс. Демек, футбол, баскетбол секілді ойындарды ойнауға болмайды.

 

Қаланың бас санитар дәрігері жеке гигиенаны сақтап, үйге кіргеннен кейін қолды сабындап жуу керек екенін тағы бір рет ескертті.

 

 




Көрілген: 550    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.04.2020, 16:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Сәуір, 12:16
    АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚТАР!
    16 Сәуір, 23:47
    1414 не үшін керек?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31