Сұрақ-Жауап. Кеңес

Алматыда коронавирус көп жұқтырғандар қай жастағы адамдар

  • https://www.dw.com/

    https://www.dw.com/

Алматыда коронавирус жұқтырғандардың көпшілігі 20-29 жастағы жастар болып шықты, деп хабарлайды   Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Қазір Алматыда 91 адамнан инфекция анықталды. Оның 35-і шетелден келген, олармен байланыста болған 48 адамнан вирус анықталды. Еш жерге бармаған, ешкіммен қатынасып көрмеген Алматының бес тұрғынынан инфекция табылды. Ол бес адамнан ауру тағы үш адамға жұқты", - деді Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова брифингте.

 

Айтуынша, науқастардың 33%-і Мәскеуден келген, 25%-і Стамбулдан, 16%-і Берлиннен, Санкт-Петербургтен – 13%, 13%-і Минскіден келген.

 

Қалада ең көп ауырғандар – 20-29 жастағы жастар, одан кейін 30-39 жастағылар. Ең қауіпті саналатын 60-тан асқан адамдар арасында 7 науқас тіркелді.

 

Айтуынша, бастапқыда Алматыда инфекцияның 42 ошағы болған, қазір 28-і қалды.

 

Қала бойынша 10 мың адам коронавирус инфекциясына тексерілген, ішінде 91 адамда вирус расталды.

 

Молдағасымованың айтуынша, қалада көп адамға вирус таратқан жеті науқас бар.

 

Ауру кейде симптомсыз, кейде жеңіл түрде өтеді. Жеті адамда вирустың агрессивті формасы болған. Олар көп адамға ауру таратқан. Науқастармен жақын қарым-қатынаста болған 109 адам анықталды. Науқаспен байланыста болуы мүмкін 639 адам бақылауға алынды", - деді Молдағасымова.

 

 




Көрілген: 519    Пікірлер: 0

жұма, 03.04.2020, 15:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 08:15
    Ерлер неден қорқады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30