Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлер қалай көмек ала алады?

10 қаңтар 2022, 20:36

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі өкілі Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлер не істеуі керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Алматы кәсіпкерлер палатасы зардап шеккендерге бірқатар ұсыныс айтты. 1432 секілді call-орталық номерлері мен "Атамекен" департаментінен бөлек, Кәсіпкерлер палатасы да шығынға ұшыраған тұлғалардан ақпарат жинап жатыр. Кәсіпкерлер палатасы директоры Айтуар Қошмамбетовтің айтуынша, оған 300-ден аса өтініш келген.

 

Кәсіпкерлер палатасы өкілі бірқатар кеңес айтты:

 

Қылмыс деректерін тазаламау, бүлінген заттар мен қираған мүліктерді жинамау. Бұл саусақ ізін анықтауда маңызды саналады. Нысанды тексерген соң құқық қорғау органдары оларды жертөлеге орналастыруға кеңес береді.

 

Ішкі және сыртқы бейнебақылау камераларын флеш карталарға, басқа да құралдарға жазып алу, бейнебақылау жазбаларын өшірмеу қажет.

 

Ұрланған және бүлінген заттар тізімін жасау керек. Құқық қорғау органдарына сотқа дейінгі тексеріс жасау үшін арыз жазу қажет.

 

Әрбір бүлінген немесе ұрланған тауар, затты дәлелдейтін құжаттар дайындау керек.

 

Алматыда кәсіпкерлер келтірілген шығын бойынша +7 727 331 01 33; +7 701 242 29 47 Әскербек Насамбаевқа немесе 1432 бірыңғай call-орталыққа хабарласа алады.