Сұрақ-Жауап. Кеңес

Алматыға блок-посттардың қайта қойылатыны рас па?

  • Алматыға блок-посттардың қайта қойылатыны рас па?

    Алматыға блок-посттардың қайта қойылатыны рас па?

 Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин оңтүстік астанада блок-посттар қайта қойыла ма деген көпшіліктің сұрағына онлайн брифинг барысында жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

"Жоқ. Қала сыртында блок-посттар қойылмайды. Тұрғындар қалаға, облысқа емін-еркін кіріп шыға алады", - деді Жандарбек Бекшин. Бас санитар қаладағы ахуалды жіті бақылап отырғанын жеткізді. "Егер ауру көрсеткіші тәулігіне 7 пайыздан асатын болса карантин шаралары одан әрі жалғасатын болады", - деді ол. Бекшиннің сөзінше, қазір қалада соңғы 10 күнде ауру көрсеткіші 5 пайыз болып тұр. Қала билігі осы көрсеткішті 1 пайызға дейін төмендетуді мақсат тұтып отыр. "Алайда барлық қауіп - симптомсыз науқастардың өсуінде. Сонымен қатар, қаладағы төсек орындардың 95 пайызы толып отыр. Яғни көбейген жағдайда ауруханада орындар жетіспеуі мүмкін", - деді Бекшин. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 20-21 маусым күндері шектеу шараларының күшейтілетінін хабарлаған едік.

KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 1014    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.06.2020, 21:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31