Сұрақ-Жауап. Кеңес

Алматылықтар тағы қай жерде жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыра алады?

  • https://mosavtoshkola.org/

    https://mosavtoshkola.org/

Бұл №1 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы (Алатау ауданы, «Саялы» шағын аудан, Аққайнар к-сі, 1) және №6 мамандандырылған ХҚКО (Жетісу ауданы, «Кемел» шағын ауданы, Ақсуат көшесі, 118). Олардың аумағында барлық нормативтік талаптарға сәйкес келетін автоматтандырылған автодромдар жұмыс істейді.

 

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету жөніндегі №1 мамандандырылған бөлімінің автодромы 2013 жылғы қаңтардан бастап жұмыс істейтін, ал №6 мамандандырылған бөлімінің автодромы таяуда ғана ашылды.

 

"Ағымдағы жылдың мамыр айының соңында 1000 ш.м. алаңда автоматтандырылған автодром ашылып, онда көлік құралын басқару құқығын алуға практикалық емтиханның бірінші кезеңі қабылданды. Бүгінгі таңда бөлім Алматы қаласының және Алматы облысының жақын маңдағы аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Автодром ашылған күннен бастап 9 242 жүргізуші куәлігі берілді", - деп атап өтті филиал директоры Данияр Қырықбаев.

 

Алматы Мамандандырылған ХҚО-ларының автодромдарында жүргізу бойынша емтиханның практикалық бөлігін тапсыру кезінде адами факторды толығымен болдырмайтын заманауи электрондық бақылау жүйесі қолданылады. Ол арнайы техникалық құралдар мен құрылыстар кешенін қамтиды және А, В, С,D санаттарындағы жүргізушілердің көлікті басқару дағдыларын бағалау үшін пайдаланылады.

 

"Барлық азаматтар практикалық емтиханды қалай тапсыратыны, автоматтандырылған автодром деген не және емтихан соңында баға қалай қойылатыны туралы нақты біле бермейді. Мұны түсіну үшін тәжірибе қажет. Көптеген жүргізушілердің жұмыс күндері оқуға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан, демалыс күні жаттығуға ниет білдірушілер үшін Саялы шағын ауданында орналасқан №1 мамандандырылған ХҚО-ның автодромы ашық болады", - дейді Данияр Батанұлы.

 

kazgazeta.kz




Көрілген: 658    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.10.2020, 02:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31